Спорт

«Ордабасы» Еуропа лигасына жорығын аяқтады

Ордабасы
Шымкент қаласының орталық стадионында «Ордабасы» Румынияның «Ботошани» командасын қабылдады, деп хабарлайды Azatmedia.kz prosports.kz сайтына сілтеме жасап

Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында өткен матчта қонақтар пайдасына 2:1 есебі тіркелді. «Ботошани» ойыншысы Хольцманн соққан голға алаң қожайындары сапынан Махлангу жауап қайтарған. Алайда 33 минутта Дуганджич соққан гол матч тағдырын шешіп кетті. Бір айта кетерлігі, 12 минутта «Ордабасы» ойыншысы Диакате пенальтиден гол соға алмады.

Биыл коронавирус пандемиясының салдарынан Еуропа лигасының іріктеу кезеңі бір ғана матчтан тұрады.

Еуропа лигасы. Алғашқы іріктеу кезеңі:

«Ордабасы» – «Ботошани» (Румыния) 1:2 (1:2)

Голдар: Хольцманн 25 (0:1), Махлангу 31 (1:1), Дуганджич 33 (1:2)

Қатысты жаңалықтар

Головкин келесі жекпе-жекке қашан шығатынын мәлімдеді

azatmedia

Деніңе саулық дертіңе шипа сыйлаған

azatmedia

«Головкин VS Шеремета» чемпиондық белбеу үшін өтетін кездесуі тағы кейінге шегерілді

azatmedia

Пікір қалдыру