Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаевқа тағы бір мәртебе берілді

Назарбаев

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ядролық сынақтардан азат әлем үшін чемпион» мәртебесіне ие болды, деп хабарлайды Azatmedia.kz  Neonomad.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы БҰҰ бас ассамблеясының 29 тамыз халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған арнайы сессиясында белгілі болды.

Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты ұйымының (ЯСЖТШҰ) атқарушы хатшысы Лассина Зербо Қазақстанның ядролық қарусыз әлем құрудағы жаһандық күш-жігерге жетекшілік кезіндегі ерекше тарихи үлесін ескере отырып, Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа мәртебе беру туралы бастама көтерді.

Елбасының 1991 жылы 29 тамызда әлемнің ең ірі ядролық полигондарының бірі – Семей ядролық полигонын жабу туралы шешімі адамзат тарихындағы бұрын-соңды болмаған ядролық сынақтарға алғашқы заңды тыйым ретінде ғана емес, сонымен бірге Халықаралық күнді белгілеу үшін маңызды негіз болды.

Қатысты жаңалықтар

Моторы «май жейтін» көлігі бар қазаққа қиын болады

azatmedia

Түркістан: Қызылтаң жалпы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді

azatmedia

ҚАЛА ЖАСТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

azatmedia

Пікір қалдыру