Ақпарат

Қазақстандық экипаж – «Танк биатлоны» байқауының жартылай финалында

Танк

Еліміз атынан сынға түсіп жатқан танкіші-жауынгерлер кезекті жарыста екінші орынды иеленіп, Армия халықаралық ойындарының «Танк биатлоны» байқауының жартылай финалына жолдама алды.


 Үшінші экипаждың өнер көрсетуімен Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан командалары үшін жеке жарыс аяқталды.


Бұл жарыста да алдыңғы кезеңдегідей қазақстандық команда екінші уақытты көрсетіп тек ресейлік танкішілерге есе жіберді.Үшінші орынға Өзбекстан, төртінші орынға Қырғызстан командалары жайғасты.


Қазақстаннан келген жауынгерлер барлық үш сапарда трассадан өту кезінде жоғары жылдамдықты, сонымен қатар, мақсаттардың дәлме-дәл зақымдануы мен экипаждардың үйлесімді жұмысын көрсетті. Біздің команда қарсыластары 29-30 тамызда Әзірбайжан, Беларусь, Қытай және Сербия командаларының қорытынды кездесулерінен кейін анықталады. Өз кезегінде қазақстандық жауынгерлер жартылай финалдық эстафетада өз шеберліктерін көрсетуі керек. Онда экипаждар кезекпен трассадан өтеді. Жартылай финалдық сайыстардың жеребе тарту рәсімі 30 тамызға белгіленген.


Финалға шығу үшін бақ сынайтын эстафеталық жарыс 1-2 қыркүйекке жоспарланған.

Қатысты жаңалықтар

Таңғаларлық оқиға: Екі айлық нәресте ата-анасына амандасты (видео)

azatmedia

Патерналистік үлгі

azatmedia

COVID-19: СОДА ЖӘНЕ СПИРТПЕН ИНГАЛЯЦИЯ ЖАСАҒАН ДҰРЫС ПА? (ВИДЕО)

azatmedia

Пікір қалдыру