Соңғы жаңалықтар

Иті мен мысығына дұрыс күтім жасамаған қазақстандықтар жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар иттер мен мысықтарға дұрыс күтім жасамаған қазақстандықтарға айыппұл салу мәселесін қарастырды, – деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл мәселені «Жануарларға жауапкершілікпен қарау» туралы заң жобасын талқылау кезінде депутат Гүлдара Нұрымова көтерді. Оның айтуынша, көптеген қазақстандық азамат жануарларды асырайды да, оларға санитарлық нормаларға сай күтім жасамайды. Бұл жайтқа қатысты экология министрі де мәлімдеме жасады.

«Көрші пәтерде 20-30 мысық немесе ит ұстайтындар тұратын жағдайлар болады. Аталған заң жобасының нормаларына сәйкес, үй жануарының қожайыны көппәтерлі үйде тұрудың барлық санитарлық-гигиеналық талаптарын орындауы тиіс. Бұл талаптар бұзылған жағдайда 10-нан 20 АЕК-ке дейінгі сомада айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ. Бұл норманы біз ҚР әкімшілік құқық кодексінде қарастырдық. Бұл 407-2-бап. Бірінші жағдайда 10 АЕК көлеміндегі айыппұл салынады. Егер бір жыл ішінде осы ережелердің бұзылғаны анықталса, 20 АЕК көлеміндегі тағы бір айыппұл салынады», – дейді экология министрі Серікқали Брекешев.

Қатысты жаңалықтар

БАУЫРМАЛДЫҚ ПЕН ЖОМАРТТЫҚ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНАН ДАРЫҒАН

azatmedia

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

azatmedia

«Балаларыңды үйге қайтар. Олар далада қалды» – Қайрат Нұртас елден сөз естіді

azatmedia