Соңғы жаңалықтар

Елді мекен жолдары жөнделеді

Түркістан облысының Келес ауданындағы елді мекендердің топырақ көшелеріне шағал тас төселіп, орта жөндеуден өтпек, деп хабарлайды Azatmedia.kz. Атап айтқанда, Жамбыл ауылдық округіне қарасты Ащыкөл елді мекенінің жалпы ұзындығы 2700 метрді құрайтын «Құрманғазы» көшесіне шағал тас төсеу үшін сметалық құжаттары дайындалып, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне өткізілген. Жобаның сметалық құны 14 мың 885 теңгені құрайды.

Сонымен қатар, «Майда Бозай» елді мекенінің жалпы ұзындығы 1170 метрді құрайтын М.Әуезов атындағы ішкі көшесіне шағал тас төсеу үшін сметалық құжаттары дайындалып, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне өткізілген. Сметалық құнына сәйкес 2 миллион 702 мың теңге қаржы бөлуді қажет етеді. Одан бөлек, сметалық құжаттары дайындалып, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне өткізілген шағал тас төселетін жолдың бірі Қалғансыр елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 2800 метрді құрайтын «Егемендік» көшесі. Оның жалпы сметалық құны 14 миллион 923,05 мың теңге.

Қатысты жаңалықтар

НЕСИЕЛІК БАҒЫТТА ТҰРҒЫН ҮЙ САТЫП АЛУШЫЛАР САНЫ АРТУДА

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ПНЕВМОНИЯМЕН 512 АДАМ ТІРКЕЛГЕН

azatmedia

«Біз бақытты баламыз!»

azatmedia

Пікір қалдыру