Соңғы жаңалықтар

Қоғамдық тәртіп қатаң бақылауда

Түркістан облысы Келес ауданы Бірлік ауылдық округі бойынша 2020 жылдың алғашқы бес айында 6 қылмыс тіркелген, деп хабарлайды Azatmedia.kz. Оның ішінде мал ұрлығы бойынша 3, ұрлық пен бұзақылық бойынша 3 қылмыс тіркелген және бес қылмыс ашылған.

Сондай-ақ, елімізде орын алған төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету  жөнінде  ауылдық округте мобильді топ құрылып, бірқатар жұмыстар атқарылған. Атап айтсақ, ауылдық округ аумағына Нұр-Сұлтан, Алматы және тағы басқа қалалардан келген студенттер мен жұмысшылар есепке алынып, келген азаматтар, толық бақылауға алынған. Ауыл тұрғындары арасында коронавирус пандемиясына қарсы насихат түсіндіру жұмыстары  жүргізіліп, ауыл тұрғындарына 625 дана  «Коронавирустан қорғанудың қандай әдістері бар», «Коронавирус ауруының белгілері қандай» тақырыбында жазылған жадынамалық парақшалар  таратылған. Одан бөлек, Абай-Шардара тас жолының Жаңатіршілік елді мекені маңында короновирустан сақтану тақырыбындағы (3х6 көлеміндегі) бильборд орнатылған.

Айта кетсек, арнайы комиссия мен мобильді топтың зерделеу жұмыстарының нәтижесінде дене қызуы көтерілген азаматтар анықталмаған. Азық-түлік дүкендеріндегі тауар тапшылығы мен бағалар тұрақсыздығы байқалмаған және баға ауыл әкімдігі тарапынан қатаң бақылауға алынған.

Қатысты жаңалықтар

Қытай «Талибан» қозғалысына көмектесуге дайын, бірақ…

azatmedia

Келестің бақша өнімдері көрші елдерге экспортталуда

azatmedia

“СК-Фармация”-ның жаңа басшысы 1 млн 300 мың теңге жалақы алады

azatmedia

Пікір қалдыру