Соңғы жаңалықтар

Көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде

Түркістан облысы Келес ауданы Бозай ауылдық округін көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу қарқын алып келеді, деп хабарлайды Azatmedia.kz. Атап айтсақ, 2020 жылдың алғашқы бес айында округ аумағында 365 ағаш түптері әктеліп, 5 ғимараттардың қас беттері өңделген және 265 түп ағаштар отырғызылған. Жалпы, елді мекендерді  көріктендіру, көгалдандыруға бөліген қаржы –  200 мың теңге.

Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2020 жылдың алғашқы 5 айында 38 адам тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылған.

Оның ішінде 12 азамат шегіртке зиянкестеріне қарсы жұмыс жүргізуге, 10 азамат төтенше жағдайға байланысты дезинфекция жұмыстарына және 16 азамат көгалдандыру мен көше тазалығы жұмыстарына тартылған.

Сонымен қатар, әлеуметтік сала бойынша 2020 жылдың І-ІІ тоқсанында атаулы әлеуметтік жәрдемақы алуға 85 отбасы құжат тапсырған, оның ішінде  шартсызы – 2,  шарттысы – 83 отбасы. Одан бөлек, аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасыларға ауылдық округтегі жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен азық-түлік, киім-кешек таратылған және жұмысқа жарамды 8 азамат қоғамдық ақылы жұмысқа тартылған.

Қатысты жаңалықтар

«Неге қыз-келіншектерге де мұндай мүмкіндік бермеске» – психологтың пайымы жұртты дүрліктірді (видео)

azatmedia

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ 600 ШАҚЫРЫМҒА ЖУЫҚ ЖЕРГЕ КӘРІЗ ҚҰБЫРЫ ТАРТЫЛУДА

azatmedia

Пікір қалдыру