Соңғы жаңалықтар

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫН ӨТКІЗДІ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығын ерекше атап көрсеткен болатын. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болатынын және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде халыққа тікелей бағдарлануы тиістілігін айқындап берді. Мемлекеттік билік пен халық арасындағы байланысты жүзеге асырушы жергілікті атқарушы органдардың бірі – аудандық әкімшілік. Аудан әкімінің тұрғындарды апта сайынғы қабылдауы халыққа көрсетілетін қызметтің бір түрі болып саналады.Әр аптаның сәрсенбісінде аудан тұрғындары аудан әкімінің қабылдауына жазылып, өздерінің арыз-шағымдарын, талап-тілектерін аудан басшысына тікелей жеткізеді. Осы ретте бүгін аудан әкімі Н.Байғұт аудан тұрғындарымен кезекті жеке қабылдауын өткізді. Қабылдауға келгендер жұмысқа орналасу, әлеуметтік, тұрғын үй және жол мәселесіне қатысты өтініштерін алға тартты. Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берсе, әлеуметтік мәселені демеушілер тарапынан шешу жолдарын қарастыруды жүктеп, әр бір мәселенің орындалуы жеке бақылауында болатынын жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

КАКАЯ ШКОЛА ВЫИГРАЛА 20 МЛН ТЕНГЕ ШАХМАТНОГО ТУРНИРА?

azatmedia

В ПРОШЛОМ ГОДУ В ШЫМКЕНТЕ В РАМКАХ ДОРОЖНОЙ КАРТЫ ЗАНЯТОСТИ РЕАЛИЗОВАНО 239 ПРОЕКТОВ

azatmedia

Real Estate News | High Home Prices Cause House Flippers To Pull Back

azatmedia

Пікір қалдыру