Соңғы жаңалықтар

Медициналық ем қабылдауда қиындық туындамайды

Түркістан облысы, Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округінде 4 дәрігерлік емхана және 1 ауылдық аурухана бар, деп хабарлайды Azatmedia.kz. Сондай-ақ, 6 ФАП жұмыс істейді. Қазіргі таңда ауылдық округ бойынша емдеу мекемелерінде 15 жоғарғы білімді маман, 66- орта буынды қызметкер, 24 кіші буынды қызметкер және 1 жедел жәрдем көлігі қызмет етуде. Есікқорған, Көгерту және Ақжар елді мекендерінде жаңа типтегі медециналық пункт ауыл тұрғындарына қызмет етуде.

«Бүгінгі таңда Ақтөбе ауылдық округіндегі “Қаратөбе” дәрігерлік амбулаториясында 1 дәрігер, 5 медбике күніне 40-қа жуық адамға ем қабылдауына қызмет етуде. Одан бөлек күніне 4 қызметкер халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізеді»,- дейді “Қаратөбе” дәрігерлік амблаториясының дәрігері Ермахан Сапақұлы.

Сондай-ақ, сала маманының айтуынша алғашқы жәрдем беру үшін барлық дәрі-дәрмектер, санитарлық талаптарға сай медициналық бетперде, медициналық қолғап, антисептик құралдарының жеткілікті түрде барын жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

Биыл 300 мың оқушы мемлекет тарапынан көмек алады

azatmedia

ШЫМКЕНТ: БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

azatmedia

Адалдық құндылығына негізделген жиын өтті

azatmedia

Пікір қалдыру