Әлем жаңалықтары

Корея елінен көмек келді

Оңтүстік Корея мемлекеті елімізге коронавируспен күресу үшін гуманитарлық көмек көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Алматы халықаралық әуежайына Сеулден келген ұшақ келіп қонды. Жалпы салмағы бір жарым тонна болатын жүкте дәрі-дәрмек, антибиотик, түрлі дәрумендер, қорғаныш киімдері мен өзге де медициналық бұйымдар бар.

Айта кетейік, осыған дейін де Оңтүстік Корея Қазақстанға бірнеше мәрте гуманитарлық көмек қолын созған еді. Нығметжан Сапаров, ҚР СЖҚІҚА Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы: – Әуежайға жеткізілген жүк «СК Фармацияға» тапсырылады.

Олар еліміздегі медициналық мекемелердің қажетіне қарай дәрі-дәрмектер мен өзге де медициналық заттарды үлестіреді. Бұл істің барлығын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қадағалайды.

Қатысты жаңалықтар

ЕЛДОС СМЕТОВ – ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

azatmedia

Қытайда орын алған құбылыс: Үрейі ұшқан адамдар қашып жатыр (видео)

azatmedia

Мемлекет басшысы: «АҚШ уранның орта есеппен 24 пайызға жуығын біздің елден импорттайды»

azatmedia

Пікір қалдыру