Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық фильм танымал фестивальде бас жүлдеге ие болды

Azatmedia.kz. 1992 жылдан бері Анапада өтіп келе жатқан беделді «Киношок» фестивалінің қорытындысы жарияланды. Онда ұсынылған екі қазақстандық фильм – «Жаным, ты не поверишь» комедиясы және «Черный черный человек» драмасы бірден 5 марапатқа ие болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Екі фильмде де басты рольді актер Данияр Алшынов сомдаған. Осылайша марапаттау рәсімі кезінде ол жүлделерді алу үшін сахнаға бес рет көтерілді. 

Қазылар алқасы қазақстандық фильмдер үшін мына номинацияларды берді: 

– Фестивальдің бас жүлдесі «Алтын жүзім» – «Жаным, ты не поверишь»;
– «Үздік сценарий» – «Жаным, ты не поверишь» фильмінің алты сценарисіне»;
– «Үздік ер адам ролі» – Данияр Алшыновқа «Черный черный человек» фильміндегі ойыны үшін»,
– «Үздік режиссура» – Әділхан Ержанов «Черный черный человек» фильмі үшін»,
– Баспасөз жүлдесі – «Жаным, ты не поверишь» фильміне.

«Жаным, ты не поверишь» картинасының сюжеті бойынша ерлі-зайыпты тұңғышының дүниеге келгенін асыға күтеді. Осы уақытта басты кейіпкер Дастан (Данияр Алшынов) әйелінің (Әсел Қалиева) тұрақты қыспағына шыдай алмай, кәсіпкер және учаскелік полицей достарымен бір күнге қашып кеткісі келеді. Ер адамдар балыққа шығады, алайда олар алда күтпеген түсініксіз шытырман оқиғаларға тап болады. 

Қатысты жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда вакцина алғандар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылды

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ 222 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫН БАСТАЙДЫ

azatmedia

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ФОРМАТЫНДА БАСТАЛАДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру