Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: 5 ШАҒЫНАУДАН КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛАДЫ

AzatMedia. Шымкент қаласындағы шалғайда орналасқан аймақтардағы инженерлік инфрақұрылым мәселелері бойынша мәжіліс өтті.

Жалпы бұл аймақтарда кәріз жүйесін тарту бойынша 4 нысанда құрылыс жұмыстары жүруде. Жыл қорытындысымен бір магистралдық кәріз коллекторының құрылысы аяқталып, 12 мың халқы бар 5 шағын аудан (Тоғыс, Жыланбұзған, Елтай, Бадам, Маятас) кәріз жүйесіне қосылады.

Ал 2025 жылға дейін қаладағы 40 шағын аудан табиғи газ жүйелерімен қамтамасыз етілетін болады. Келер жылы 2771 тұрғын үйге табиғи газ жүйесі тартылып бітеді.
АГРС-3 нысанының құрылысы аяқталса, өндірістік және әлеуметтік нысандарды үздіксіз, сапалы табиғи газбен қамтамасыз етуге жағдай жасалынады.

Жиынды қорытындылаған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың тұрмысын жақсарту бойынша нақты тапсырмалар бергені белгілі. Сондай-ақ, шалғайдағы халық кездесу кезінде инженерлі инфрақұрылым мәселесін алға тартады. Жоспарға сәйкес, 2025 жылға дейін сондағы тұрғындар сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін бақылауға алыңдар» – деп, тиісті сала басшыларына жұмысты жандандыруды тапсырды.

 

Қатысты жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТ: БЕРЕКЕЛІ ШАҢЫРАҚ – БЕРІК ҚОҒАМНЫҢ КЕПІЛІ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА 500-ДЕН АСТАМ ЖАС ДОМБЫРАШЫ БІР МЕЗЕТТЕ КҮЙ ТАРТТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ХАН МЕШІТІНІҢ ІШКІ ЭКСПОЗИЦИЯСЫ КЕЛУШІЛЕР НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТ: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – БІЛЕКТЕН, МЕЙІРІМДІ ІС – ЖҮРЕКТЕН

azatmedia

ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ТҮРКІСТАНДА ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖОЛЫНДА: ТҮРКІСТАНДА ӨҢІРАРАЛЫҚ AI ХАКАТОН ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

azatmedia

В Туркестане открыт уникальный мурал в поддержку конституционной реформы

azatmedia

Пікір қалдыру