Ақпарат

ҚАЗЫҒҰРТ: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – БІЛЕКТЕН, МЕЙІРІМДІ ІС – ЖҮРЕКТЕН

Қазығұрт ауданында жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі аясында Қайырымдылық күніне орай әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға қолдау көрсетуге бағытталған тағылымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған акцияның негізгі мақсаты – қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру, азаматтарды өзара көмек пен жанашырлыққа үндеп, игі істерге жұмылдыру.

Игі бастама барысында аудан тұрғындары, еріктілер және мекеме қызметкерлері бірлесіп, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, сондай-ақ жалғызбасты қарттарға қолдау көрсетілді. Нәтижесінде жалпы 22 отбасыға арнайы дайындалған азық-түлік себеттері таратылып, қажетті көмектер көрсетілді.

Осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, қоғамда мейірім мен жақсылықтың арта түсуіне өз септігін тигізе бермек.

Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «BRAIN MASTER – 2025» БІЛІМ БӘЙГЕСІНДЕ БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

azatmedia

КӘСІПОДАҚҚА – 100 жыл

azatmedia

СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА

azatmedia