Санатталмаған

Жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымы арасында ұжымдық шарт жасалды

AzatMedia.kz. Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-де бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылып, 22 адам кәсіподақ мүшелігін қабылдады.

Кәсіподақ комитетінің төрағасы болып Оспанов Дәлелхан Қоңырбайұлы сайланды.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының және «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының арасында келісім-шарт жасалып, қол қойылды.
Сонымен қатар, мекеменің жұмыс берушісі және кәсіподақ комитеті арасында ұжымдық шартқа қол қойылды.
Қол қойылған ұжымдық шарт Шымкент қаласының еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасына тіркеуге берілді.
Сондай-ақ, бас қосқан жиында Қазақстан Республикасының Еңбек қатынастары туралы Заңдарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жыл 29 мамырда №338 қаулысымен бекіткен «Әлеуметтік шиеленістің алдын алу және әлеуметтік-еңбек дауларын шешу жөніндегі кешенді жоспарының» орындалуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жыл 2 маусымда №441 қаулысымен бекіткен «Қазақстан Республикасында 2019-2023 жылдар аралығында өндірістік жазатайым оқиғаларды және зиянды жұмыс орнындарын азайтуға бағытталған Жол Картасының» орындалуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған БАС КЕЛІСІМ шеңберінде қабылданған міндеттемелерді іске асыру жөніндегі іс-шара жоспарының (Жол картасының) орындалуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының 2020 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік органдардың республикалық кәсіподақтар бірлестіктерімен өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын жетілдіру жөніндегі 2020-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындауды жүзеге асыру, 2019 жыл 12 тамызда Шымкент қаласының әкімдігі мен «Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі арасында жасалған өзара әлеуметтік – әріптестік меморандумының орындалуын қамтамасыз ету, Шымкент қаласының әкімдігі, Кәсіпкерлер палатасы және Жұмыс берушілердің бірлестіктері арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған ҮШЖАҚТЫ КЕЛІСІМНІҢ орындалуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланып, оларды іске асыру бағытындағы тиісті шешімдер қабылданды.

Қатысты жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТ: БЕРЕКЕЛІ ШАҢЫРАҚ – БЕРІК ҚОҒАМНЫҢ КЕПІЛІ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА 500-ДЕН АСТАМ ЖАС ДОМБЫРАШЫ БІР МЕЗЕТТЕ КҮЙ ТАРТТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ХАН МЕШІТІНІҢ ІШКІ ЭКСПОЗИЦИЯСЫ КЕЛУШІЛЕР НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТ: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – БІЛЕКТЕН, МЕЙІРІМДІ ІС – ЖҮРЕКТЕН

azatmedia

ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ТҮРКІСТАНДА ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖОЛЫНДА: ТҮРКІСТАНДА ӨҢІРАРАЛЫҚ AI ХАКАТОН ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

azatmedia

В Туркестане открыт уникальный мурал в поддержку конституционной реформы

azatmedia

Пікір қалдыру