Санатталмаған

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ҰСАҚ-ТҮЙЕГІ БОЛМАЙДЫ

Кез келген құқықбұзушылық ол ұсақ-түйек болса да қоғамдық өмір мен тұрғындардың тыныс-тіршілігіне зиян келтіреді. Сондықтан, қандай құқықбұзушылық болсын ұсақ-түйек, орташа, ірі деп қарамай, оларға нөлдік төзбеушілік принциппен қарап, күресуіміз қажет.

Мәселен, ұсақ-түйек құқықбұзушылықтарға – ретсіз күл-қоқыс тастау, көше бойына, үй іргелес беткейге мал қилары мен көңдерін тастау, белгіленбеген орында сауда жасау, ауылшаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау мен серуендету ережелерін бұзу құқықбұзушылықтарға жатады. Ұсақ-түйек құқықбұзушылықтар болғанымен, аталған заң талаптарын бұзған азаматтар ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» көдексімен көзделген жазалар қолданылады.

Осындай ұсақ-түйек құқықбұзушылықтарға нөлдік төзбеушілік принципіне орай, ауылдық округтің Майтөбе, Таусағыз, Көксағыз, Қожамберді ауылдарында АПБ-нің Жергілікті полиция, аудан әкімдігі және Мичурин ауылдық округі әкімдігі мамандарымен бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізу тұрақты ұйымдастырылуда. Осы рейдтік іс-шаралар барысында аталған ауылдардың бірнеше тұрғындарына әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұлдар салынды.

Мұндай рейдтік іс-шаралар ауылдық округ аймағында жүйелі жүргізіліп тұрмақ. Сондықтан, ауылдық округ тұрғындарын үйлеріңіздің айналасын, аулаларыңызды таза ұстап, жалпы ауыл тазалығын сақтап, заң талаптарын қадағалауға шақырамыз. «Ауылына қарап, азаматын таны» дегендей, ауылдарымызды көркейту, абаттандыру, гүлдендіру өз қолымызда.


©Б.МҮСІРӘЛИЕВ,
Мичурин ауылдық округінің әкімі

Қатысты жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТ: БЕРЕКЕЛІ ШАҢЫРАҚ – БЕРІК ҚОҒАМНЫҢ КЕПІЛІ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА 500-ДЕН АСТАМ ЖАС ДОМБЫРАШЫ БІР МЕЗЕТТЕ КҮЙ ТАРТТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ХАН МЕШІТІНІҢ ІШКІ ЭКСПОЗИЦИЯСЫ КЕЛУШІЛЕР НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТ: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – БІЛЕКТЕН, МЕЙІРІМДІ ІС – ЖҮРЕКТЕН

azatmedia

ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ТҮРКІСТАНДА ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖОЛЫНДА: ТҮРКІСТАНДА ӨҢІРАРАЛЫҚ AI ХАКАТОН ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

azatmedia

В Туркестане открыт уникальный мурал в поддержку конституционной реформы

azatmedia

Пікір қалдыру