Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Мәдениет

ҚАЗЫҒҰРТ: БЕРЕКЕЛІ ШАҢЫРАҚ – БЕРІК ҚОҒАМНЫҢ КЕПІЛІ

Қазығұрт ауданында жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі аясында тағылымы мол, мазмұны терең “Шаңырақ күні” кең көлемде аталып өтті. Сарапхана ауылдық округіндегі “Мәңгілік ел” саябағында жас отбасыларға салтанатты түрде неке куәліктері табысталып, олардың жаңа өмірге жасаған алғашқы қадамдарына ақжарма тілектер айтылды. Салтанатты сәтте ұлттық дәстүрімізге сай “Жар-жар” айтылып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.

Сонымен қатар, “Белсенді ұзақ өмір сүру” орталығында отасқандарына 40-50 жыл толған үлгілі, берекелі отбасылармен тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Көпті көрген қариялар жастарға отбасы құндылығы, сыйластық пен төзім, ынтымақ пен бірлік жайында өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, өнегелі әңгіме өрбітті.

Мерекелік іс-шаралар аясында ұлттық салт-дәстүрлеріміз кеңінен насихатталып, жастардың бойына рухани құндылықтарды сіңіру мақсатында “Наурыз бата” рәсімі ұйымдастырылды. Ақ батасын берген қариялар елдің амандығын, жұрттың тыныштығын тілеп, ізгі ниеттерін жеткізді.

Шаңырақ күні – ұлттық болмысымызды айқындайтын, отбасы құндылықтарын дәріптейтін ерекше мереке.

Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Шанақ ауылдық округі 100 пайыз ауыз сумен қамтылады

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА МӘМС ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ

azatmedia

ПАРТИЯНЫҢ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖАҢА АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

azatmedia