Соңғы жаңалықтар

ОРДАБАСЫЛЫҚ ЖАСТАРҒА – РУХАНИ ОРТАЛЫҚ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Ордабасылық жастарға тарту жасалды, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «anyqtimes.kz» ақпараттық агенттігі. Аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков белсенді жастармен кездесу барысында жастардың ізденуі мен рухани дамуы үшін барлық жағдай жасалатынын айтқан болатын. Бүгін аудандық Жастар орталығы жанынан рухани бұрыш – кітапхана ашылды. Кітап – көп ақылдың құйылған көлі, ол ортақ мүлік, халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы.Аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев бұл шараның мақсатына тоқталып, жастарға көп үміт артылатынын атап өтті. Кітапхананың ашылуына қатысып, жастармен кездескен белгілі ақын, «Алаш» сыйлығының иегері Нармахан Бегалыұлы игі іске арқау болған азаматтарға алғыс айтты. Сонымен қатар, жас ұрпаққа ұлағатты сөздерін арнап, Тәуелсіздіктің елге берген тартуларына тоқталды. Ендігі кезекте жастарға рухани серпіліс беретін кездесулер өткізу, ізденімпаз ұрпаққа оңтайлы орта қалыптастыру осы орталық шеңберінде жүйелі жүзеге асырылатын болады.

Қатысты жаңалықтар

Қыста карантин енгізілсе, «42500» тағы беріле ме? – министр жауабы

azatmedia

Мамонттың сүйегі табылды

azatmedia

Ақтөбелік сынықшы шыққан қолды онлайн салып береді

azatmedia