Жаңалықтар

“AMANAT AQYLMAN” — СОЗАҚ АУДАНЫНДА

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының бастамасымен өңірдегі барлық аудан мен қалада өтіп жатқан «AMANAT AQYLMAN» интеллектуалды сайысы Созақ ауданында жалғасын тапты.Интеллектуалды сайыстың ашылуында сөз алған «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық “Жастар Рухы” ЖҚ-ның төрағасы Ж.Жұман, Созақ аудандық “Жастар Рухы” ЖҚ-ның төрағасы Е.Ержігітов, Созақ аудандық мәслихат депутаты Қ.Бекішов пен “Сызған” бастауыш партия ұйымының төрағасы О.Кәдірханұлы ойынның жастар арасындағы маңызына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.Төрт кезеңнен тұратын сайысқа ауыл округі жастарынан құрылған 8 команда қатысты. Жуантөбе, Қарақұр, Тасты, Сызған, Құмкент, Созақ, Жартытөбе және Шолаққорған командалары өзара бақ сынасып, жоғары нәтижелер көрсетті. Оларға негізінен аудан тарихы, партия туралы және отбасы құндылықтары жайлы, сондай-ақ түрлі тақырыптағы логикалық сұрақтар қойылды.

Интеллектуалды сайыстың қорытындысымен 5 команда белсене қатысқаны үшін алғыс хат алса, 3 жүлделі орын анықталды. Жүлделі орындардың қатарында болған “Құмкент” командасы 3-орынды, “Шолаққорған” командасы 2-орынды иеленіп, арнайы дипломмен марапатталды. Аталған сайыста “Жартытөбе” командасы жеңіске жетіп 1- орынды еншіледі.Жүлдегерлер мен жеңімпаздарға арнайы қаржылай сыйлықтар табысталды.

Қатысты жаңалықтар

БУДУЩИЙ ЮРИСТ ВПЕРВЫЕ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ВЫБОРАХ

azatmedia

БАҚ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ХХV СЕССИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia