Ақпарат Басты жаңалықтар Жаңалықтар Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ САЛЫНЫП ЖАТҚАН МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

Түркістан облысында үш жылда 100-ге жуық мектеп салынады. Оның ішінде 63 білім нысаны «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы арқылы бой көтереді. Биыл осы жоба аясында 29 мектеп ел игілігіне беріледі деп жоспарланған. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласында осы жоба аясында салынып жатқан екінші білім ұясының құрылыс алаңында болды. Бүгінде мұнда жұмыс өте қарқынды. Тапсырыс беруші – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ.

Авторлық қадағалау міндетін «Астанатехстройэксперт» ЖШС атқарса, техникалық қадағалауды «СКД» ЖШС жүргізуде. Мердігер мекеме «Yda» ЖШС жұмысты бастап кеткен. Білім ұясы биыл тапсырылады деп күтіліп отыр.– «Жайлы мектеп» – аса маңызды жоба. Президентіміздің тікелей бақылауында тұр. Құрылысты талапқа сай етіп жүргізу – міндет. Осы білім ұялары арқылы елімізде мектеп тапшылығын жойып қана қоймай, білім сапасын көтеру көзделіп отыр, – деді Дархан Сатыбалды.

Айта кетейік, Түркістан облысы «Жайлы мектеп» жобасын жүзеге асыру бойынша республикада көш басында келеді. Облыс әкімінің тапсырмасымен арнайы штаб құрылып, үйлестіру жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Жергілікті әкімдік инженерлік желілерді мектептердің жер учаскесіне тарту бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын да алып қойған. Мектептерді салуда және жабдықтауда отандық кәсіпорындардың құрылыс материалдары мен жиһаздары қолданылады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Шымкентте жолақы 100 теңгеге қымбаттайды

azatmedia

Самғатқан сан қыранды алтын ұям

azatmedia

Қазақстандық отбасы құрт сатқан ақшасына үй салды

azatmedia