Отырар ауданында ауыл тұрғындарының туған жерге деген жанашырлығы мен сүйіспеншілігін айқындайтын игі бастама бастау алды. Көксарай ауылының жастары мен жасы 70-ке келген қарияларына дейін ауылды көркейтуге білек сыбана кіріскен. Елді мекенге кіретін күре жол бойына көшет егіп, қоршау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Ауылдағы ішкі көшелердің бойын көгалдандыру жұмыстары да назардан тыс қалмаған. Бұл бастама ауылдың экологиялық ахуалын жақсартуға, көріктендіру ісін ілгерілетуге бағытталған тың қадам болып отыр.
Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов көпке өнеге болған жұмыстардың барысымен арнайы танысып, ауыл тұрғындарымен бірге көшет екті. Аудан басшысы тұрғындардың белсенділігін жоғары бағалап, олардың туған жерді абаттандыруға қосқан үлесін ерекше атап өтті.
– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауылдарды көркейту мақсатында елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы басталған болатын. Бүгінде аудан көлемінде тұрақты сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, тұрғындар тазалыққа ден қойып келеді. Көксарай ауылында бастау алған бұл бастама ауыл халқын ортақ мақсатқа жұмылдырып, өзара ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа үндейтін ауқымды шара. Тұрғындардың ауызбіршілігі мен жауапкершілігі басқа елді мекендерге үлгі болуға тиіс. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі жалғасын табады, – деді аудан басшысы.
Шараға ауыл ақсақалдары, жастар және белсенді азаматтар қатысып, бірлесе атқарылған еңбектің нәтижесінде ауылдың келбетіне жаңа серпін беретінін жеткізді.
Ауылдың ажарын арттыруға бағытталған қоғамдық шара аясында 15 шақырым аумақ қоршалып, ауыл тұрғындарының ұйымдасуымен 8000-ға жуық түрлі көшет егілді. Игі бастама алдағы жылдары да жалғасын тауып 2 жыл ішінде егілген көшеттердің санын 100 мыңға жеткізу жоспарланып отыр.
Бұл бастама, Отырар ауданындағы Көксарай ауылының тұрғындарының туған жеріне деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігін көрсететін өте маңызды қадам болып табылады. Ауылдың экологиялық жағдайын жақсарту, көгалдандыру және көріктендіру жұмыстарымен қатар, бұл жоба қоғамдағы ұйымшылдықты нығайтуға да бағытталған. Әсіресе, жастар мен ауылдың ересектерінің бірлесіп еңбек етуі өзара ынтымақтастық пен жауапкершілікті арттырады. Елді мекендердегі мұндай шаралар басқа ауылдар мен қалалар үшін де үлгі болуы тиіс, себебі бұл әрекеттер экологиялық мәдениетті дамытуға және табиғатқа деген құрметті нығайтуға септігін тигізеді.
Бұл жобаның келешекте көбірек ауылдарға тарауы, экологиялық мәселелерді шешу мен елді мекендерді көркейту ісін жүйелі түрде жалғастыру ауыл тұрғындары арасында бірігу мен ынтымақтастықтың алғышарты болары сөзсіз. Көшеттердің саны 100 мыңға жетуі, Отырар ауданын ғана емес, бүкіл Түркістан облысын экологиялық тұрғыдан жақсартуға бағытталған үлкен қадам болады. Аудан әкімі мен мәслихат төрағасының қатысуы бұл бастаманың маңыздылығын көрсетеді, әрі ол әкімшілік тарапынан қолдаудың маңызды екенін дәлелдейді. Ең бастысы, ауыл тұрғындарының белсенділігі мен ынтымақтастығы, олардың экологияға деген жауапкершілігі біздің қоғам үшін өте маңызды. Мұндай шаралар болашақ ұрпаққа таза және жасыл орта қалдыруға мүмкіндік береді. Алдағы жылдары 100 мың көшет егу жоспары – үлкен ауқымды мақсат, бірақ ол іске асса, бұл Отырар ауданының экологиялық мәдениетін жаңа деңгейге көтеріп, ауылдың өркендеуіне қосқан үлкен үлес болар еді.
