Р.Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры биыл 150-ге жуық қойылымды сахналады. Сондай-ақ, театр репертуары осы жылы 6 жаңа қойылыммен толықты. Оның үшеуі ересектерге арналса, қалғаны балаларға арналған. Бұл туралы брифингте театр директоры Арман Алиев мәлімдеді.
«Биыл 141 қойылым көрермен назарына ұсынылды. Қазір «Мульти стори» жаңа жылдық қойылымның дайындығы жүріп жатыр. Театр ұжымы 2025 жылы жалпы 2 халықаралық және 3 республикалық фестивальдерге қатысты. Одан бөлек, гастрольдік іс-сапарларда болды. Театр жанынан құрылған «Тарлан» музыкалық-аспапты ансамблі мен «Би-Сұлтан» би ансамблі Қазақстанның мәдениеті мен өнерін насихаттау мақсатында Үндістан елінің Дели, Пенджап, Амритсар, Агра, Чандигарх қалаларында өнер көрсетті. Сонымен қатар, өнерпаздар Ресей елінің Кинешма қаласында өткен «Островский fest» атты театр фестиваліне қатысып, лауреат атанды»,- деді Арман Алиев.
Сондай-ақ, брифингке қатысқан театр актері Нұржан Ізтаев өнер ұжымы ел ішінде де біршама жетістіктерге қол жеткізгенін айтты. Оның ішінде, Қазақстанның Халық әртісі, көрнекті театр және кино актері Құрманбек Жандарбековтің 120 жылдығына арналған республикалық театр фестиваліне қатысқан. Онда Д.Исабековтың «Өйтпесе, Мағжан бола ма?» драмасымен қатысып, Зылиха рөлі үшін «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясымен театр әртісі Кәмшат Аштекова мараппаталған. Сондай-ақ, А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Қазақстанның халық әртісі, көрнекті режиссер Асқар Тоқпановтың 110 жылдығына арналған республикалық театр фестиваліне қатысып, Ә.Қалдыбаевтың «Жалғыз желкен» драмасын ұсынды. Қазылар алқасының шешімімен театр әртісі М.Құрманбеков «Үздік екінші пландағы ер адам бейнесі» номинациясымен марапатталған.
Айта кетейік, 2025 жыл театр үшін табысты, шығармашылық тұрғыдан жемісті жыл болды. Осы орайда, театр әртісі Нұржан Ізтаев Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күніне орай «Еңбек даңқы» төсбелгісімен, Аяз Ілясов «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, театрдың құрылғанына 25 жыл толуына орай, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өнер ұжымына жаңа 50 орындық заманауи автобустың кілтін табыстады.
Театрдың шығармашылық жетістіктері мен халықаралық қатысулары оның тек сахнадағы кәсіби деңгейін ғана емес, сонымен қатар ұлттық мәдениетімізді әлемге танытудағы ықпалын да арттырды. Үндістан мен Ресейде өнер көрсету, театр ұжымының шетелдік тәжірибесін жинақтап, өз елінде мәдени байланысты нығайтуға бағытталған үлкен қадам болып табылады. Мұндай іс-сапарлар өнердің, әсіресе театрдың халықаралық маңызы мен әсерін арттыруда маңызды рөл атқарады.
Қазақ театр өнері өз дамуында жаңа биіктерге көтерілуде, ал Түркістандағы театр әрдайым жаңашылдық пен ізденіс жолында. Театрдың жаңа қойылымдары, оның ішінде балаларға арналған спектакльдер, ұжымның балалар мен жасөспірімдер аудиториясымен жұмыс істеуіне деген қызығушылығын көрсетеді. Театрды түрлі жанрларда жаңарту арқылы жас көрермендерге арналған жаңа өнер формаларын ұсыну маңызды. Бұл театрдың болашақта қазақ мәдениетінің жаңа әрі жарқын беттерін ашатынын айғақтайды.
Театр ұжымының табысы олардың өз ісіне деген адалдығы мен кәсібилігінің нәтижесі екені анық. Қазақстанда көптеген жас актерлер мен режиссерлер өздерін таныту үшін осы театрда жұмыс істеп, сахнада үлкен жетістіктерге жету үшін барлық күш-жігерін салады. Ұжымның жетістіктері еліміздің театр саласындағы жалпы деңгейдің өсуін көрсетеді, ал Түркістан театры өз рөлін ұлттық мәдениетті ілгерілетуде маңызды платформа ретінде жалғастырады.
Түркістандағы Р.Сейтметов атындағы сазды-драма театрының жетістіктері оның тек қалалық немесе аймақтық емес, бүкіл республикалық мәдениетке қосқан үлесін көрсетеді. Театр ұжымы өзінің шығармашылық жетістіктерімен еліміздің өнер майталмандарының қатарынан орын алды, халықаралық деңгейде де танылды. Бұл тек өнер ұжымының табысы ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның мәдениеті мен өнерінің дамуына қосылған үлкен үлес болып табылады. Жалпы, театрдың қалыптасқан тарихы мен жетістіктері мәдениетіміздің дамуына ықпал етіп, ұрпақтар арасында өнердің құндылықтарын сақтау мен дамытуға бағытталған маңызды қадамдар болып саналады. Түркістан театрының болашақта жаңа шығармашылық белестерді бағындырып, еліміздегі театр өнерінің деңгейін арттыруға қосар үлесі зор.
