Мәдениет

ҚАЗЫҒҰРТТА: АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ ӨТТІ

Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты «№1 балалар өнер мектебі» КММ-нің базасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орайластырылған «Абай ілімі – Адал азамат айнасы» тақырыбында ғылыми-практикалық іс-шара өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – қазақтың ұлы ақыны Абай шығармашылығы арқылы ұлттық рухани мұраларды құнды әрі қасиетті түрде насихаттау, қазақ тілінің байлығын, көркемдігін және сөздік қорының ерекшеліктерін көрсету, сондай-ақ жастардың рухани танымын кеңейту және әдебиетке деген қызығушылығын арттыру болды.

Іс-шараны ұйымдастыруға аудандық білім бөлімінің тәжірибелі әдіскерлері Ш.Маликова, А. Калдыбаева және Н.Төлеген атсалысты. Олар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде Абайдың шығармашылығын кеңінен дәріптеп, ақынның терең философиялық ойларын әрі оның ұлттық рухани мұрасын заманауи контексте түсіндірді.

Әдеби-сазды кешті Оқушылар сарайының директоры Қалдыгөзов Нұрлан Нұрбайұлы ашып, қатысушыларды мерейлі мерекемен құттықтап, Абай Құнанбайұлының шығармашылығының қазақ халқы үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

Бұл шараға аудан көлемінен жалпы саны 150 педагог қатысты, олар Абайдың шығармашылығын тереңірек танып, оның қазіргі жастарға, қоғамға қаншалықты әсер ететіндігін талқылады.

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған іс-шара жоғары деңгейде өтті, ал ақынның шығармалары мен адамгершілік құндылықтары баршаға өнеге мен рухани азық болары сөзсіз.

Қатысты жаңалықтар

Қазығұрт ауданының тарихи-мәдени сәулет кешендері туралы

azatmedia

Қазығұрт ауданының тарихи-мәдени мұра нысандары: «Қырық Қыз» және «Көктерек Әулие» жайлы

azatmedia

«Нағыз қазақ-домбыра» атты Қазығұрт аудандық күйшілер байқауы өтті

azatmedia