Мәдениет

Қазығұрт ауданында «Менің Қазақстаным» атты ән байқауы өткізілді

Қазақ эстрадасының негізін қалаған композитор Ш.Қалдаяқовтың шығармашылық мұрасын насихаттау, халық арасында ән өнерін дамыту, жас эстрада әншілерін анықтау, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу мақсатында Қазығұрт аудандық мәдениет сарайында Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» атты ән байқауы өткізілді. Барлық ауыл округінен 17 үміткер қатысып, байқау бағдарламасында берілген екі шарт бойынша сынға түсті. Байқауда төрелік еткен қазылар алқасының төрайымы Тантабаева Мейрамкул Садықұлқызы, мүшелері Олжабаева Жанат Тұрғынқызы және Қосаева Балнур Сайрамбайқызы үміттерін үкілеп келген үміткерлердің өнеріне жоғары баға берді. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Жаңабазар ауылынан Жарылқасын Еңлік, І- орынды Шанақ ауылынан Шынарбек Арайлым, ІІ орындарды Жылыбұлақ ауылынан Абубакир Жания және Атбұлақ ауылынан Шәмшін Сымбат және Тесіктөбе ауылынан Акрам Сундетқали иеленсе, ІІІ-орындарды Қаржан ауылынан Иманберді Перизат, Қақпақ ауылынан Әділ Сезім иеленді. Барлық қатысушыларға аудандық мәдениет сарайының атынан арнайы диплом және жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Қатысты жаңалықтар

ЮНЕСКО-НЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰРА КОМИТЕТІ «ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫН ҚҰПТАДЫ

azatmedia

Ауыл клубының жұмысы жанданды

azatmedia

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

azatmedia