Спорт

«Барселона» сатқысы келетін ойыншыларын анықтады

Каталониялық Барселона ұжым құрамын едәуір өзгертетін секілді, – деп хабарлайды azatmedia.kz Aladop.kz сайтына сілтеме жасап.

Marca-ның берген ақпараттарына сенсек, «Барселонаның» биылғы жазғы трансфер науқанындағы діттеген мақсаты Луис Суарес пен Иван Ракитичті сату болып отыр.

Чемпиондар лигасындағы орны толмас үлкен жеңілісітен кейін «Барселона» басшылығы құрамды өзгертуге бекінген секілді. Және бұл істің құрбаны болатын алғашқы ойыншылар шабылшы Суарес пен жартылай қорғаушы Ракитич болуы мүмкін.

Бұған дейін БАҚ беттерінде Луис Суарестің «Аякс» сапына оралу мүмкін екендігі жайлы бірнеше рет айтылған болатын. Сонымен қатар, амстердамдық ұжым да уругвайлықтың командаға ауысуына еш қарсы емес екендіктерін жеткізген, алайда олар әлі де болса ресми ұсыныс жібермеді.

Ал 32 жастағы хорват өзінің «Барсаға» дейін ойнаған командасы «Севилья» құрамын толықтырады деп топшылануда.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЭТНОС ЖАСТАРЫ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН СЫНҒА ТҮСТІ

azatmedia

Қазығұрт ауданында Конституция күніне орай мәдени-спорттық шаралар өтті

azatmedia

ОБЛЫСТА АЛҒАШ РЕТ «Turkistan Workout Fest» САЙЫСЫНДА ҚАЗЫҒҰРТ ЖАСТАРЫ БІРІНШІ ОРЫНДА

azatmedia

Пікір қалдыру