Спорт

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ҰЛТТЫҚ СПОРТЫМЫЗ ҰЛЫҚТАЛДЫ

14 қыркүйек күні «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Түркістан қаласында өткізіліп жатқан Қазығұрт ауданының мәдени күндерінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді. Атап айтқанда, Этноауыл кешеніне жиналған көпшілік асық ату, садақ ату, қол күресі, қошқар көтеру, арқан тарту және күрес түрлерінен жарысқа түсіп, күш сынасты. Көрермен болып келген жұрт сайысқа қатысушылардың шеберліктері мен өнерлеріне тәнті болып тамашалады. Барша сайыс түрлерінен жеңімпаз атанған қатысушыларға медальдар, кубоктар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МАХАББАТ ЭСТАФЕТАСЫ» АТТЫ ЖАС ОТБАСЫЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

azatmedia

«ЖЕТІСАЙ СПОРТ КЛУБЫ» ЖЫЛДЫ ЖАҚСЫ КӨРСЕТКІШТЕРМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

azatmedia

Қазақ-қырғыз «Көкпар» Федерацияларының басшылары кездесті

azatmedia