Ақпарат

САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Бүгін Сайрам ауданының әкімі Арман Сабитовтың төрағалығымен лездемелік мәжіліс өтті. Жиынның басты тақырыбы — аудан аумағындағы жол саласына қатысты атқарылып жатқан жұмыстар мен туындаған өзекті мәселелер болды.

Күн тәртібінде жол мәселелері бойынша жауапты мамандар өз есептерін таныстырып, орындалған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы толық ақпарат берді. Жиынға қатысушылар жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар мен олардың тиімділігі туралы пікір алмасты.

Аудан басшысы Арман Сабитов жол мәселесінің тұрғындардың күнделікті тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін маңызды бағыт екенін ерекше атап өтті. Сол себепті тиісті бөлімдерге жұмысты жандандырып, нақты нәтижеге бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде жүзеге асыру тапсырылды.

Мәжіліс соңында жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктеліп, жұмыстардың сапалы әрі уақытында орындалуы тұрақты бақылауда болатыны ескертілді.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

azatmedia

СУ ТАСҚЫНЫ САЛДАРЫ БОЙЫНША ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖИНАУ ШТАБЫ АШЫЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ОТЫРАРДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

azatmedia