Мәдениет

Қазығұрт ауданының тарихи-мәдени мұра нысандары: Ақбура кесенесі

Ақбура – Қазығұрт тауының оңтүстік батыс бауырындағы бұлақ атауы. Қазығұрт тауының оңтүстік етегінде, табиғаты әдемі тыныш салқын жерде Ақбура кесенесі орналасқан. Әулиелі жер. Кезінде Ақбура баба таң намазын Қазығұрттың батыс етегіндегі бұлақ көзінде оқып, қалған екі парызын Түркістандағы Ахмет Яссауи мешітінде жалғастырған екен деген аңыз бар. Бұлақ «Ақбура» аталған. Қазір мұнда кесене орнатылып, маңына зиянат етуге келгендер үшін қосымша құрылыстар салынған. Бұл жұмыстарға басшылық жасауды қоғамдық «Ақбура» қоры ұйымдастырады. Қордың жетекшілері – Төлтебаев Жарқынбек, Бекзатов Рүстем.Кесене төңірегінде ондаған бұлақ ағып төменірек өзен болып ағады. Құрылыс бірнеше жыл бұрын салынғандықтан, тарихи құндылық болып саналмайды. Бірақ осы жерде тыныштық тапқан, 8 ғасыр бұрын өмір сүрген адамның тарихы өте қызық. Ақбура әулие туралы көп аңыз сақталды. Құстай ұша алатын делінеді – азанда Қаржантау етегінде намаз оқып, түңгі намазды Түркістанда оқитын. Дәу ақ түйе мінгені үшін Ақбура деп аталған. Ол Қожа Ахмет Ясауидің замандасы әрі шәкірті болған. Емшілік қасиеті болған деседі. Сол үшін қазір де көптеген адам осы жерге келеді. Соқыр, жүре алмайтын адамдар емделіп кеткен оқиғалар болыпты. Бірақ көбінесе бала көтере алмайтын әйелдер келеді екен. Егер Ақбура әулие түсіне кірсе, тәуір болудың нақты белгісі екен. Әулие қайтыс болғанда ақ бурасы қожайынын жоқтап үлкен тасқа айналыпты. Тас астынан бұлақ ағып, адамдар оны буранын көз жасы дейді.Кесене басындағы бұлақ емдік қасиетке ие. Жергілікті халық «Ақбура» бұлағы деп атап кеткен. Зиярат етушілер әуелі кесене ішінде құран оқып, кейін бұлақ суын ішеді. Енді бірі ыдысқа құйып, өздерімен бірге алып кетеді. Бұлақ суының өзіндік емдік қасиеті бар. Тері ауруларын емдеп, бауыр-бүйректі тазартатын көрінеді.Әулиенің Ақбура атануы Қазығұрт тауының бөктерінде жерленген Ақбура әулие – Қожа Ахмет Ясауидің замандасы екен. Оның Ақбура атануының себебі – әруағы қозып, арқасы ұстаған кезде аузынан ақ жалын шашып, бурадай буырқанып, адам баласы естіп-білмеген алапат күшке ие болатын көрінеді. Ондай сәтте жолында кезіккен тосқауылдың бәрін тас-талқан етіп қиратып, бұзып-жарып өте шығу бұйым құрлы болмаса керек. Және өзінің мінезіне сай әрдайым буырқанып жүретін ақ бурасы болыпты. Ел әулиені үнемі сол бураның үстінен көретін болғандықтан «ақ буралы әулие» деп атайды екен.  

Қатысты жаңалықтар

Ордабасы ауданына сән беретін бірден-бір сәулетті нысан бой көтертегелі тұр.

azatmedia

«Нағыз қазақ-домбыра» атты Қазығұрт аудандық күйшілер байқауы өтті

azatmedia

«Онлайн» саяхаттаңыз

azatmedia