Сарығаш ауданының экономикасына инвестиция тарту жұмыстарын күшейту мақсатында атқарылатын жұмыстардың жол картасы бекітілген. Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен кезекті инвестиция штабының отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Нұрполат Талипов, ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Алайдар Амирханов, жер қатынастары бөлімінің басшысы Бақытсейіт Әуезовтер қатысты. Жиында жол картасына сәйкес бекітілген жобалар бойынша алдыңғы отырыста берілген тапсырмалардың орындалу барысы сараланды. Жиын барысында аудан басшысы сала басшыларына бірқатар сын-ескертпелер айтып, тапсырмалар хаттамаға мерзімімен енгізілді.Айта кетсек, штаб отырысының негізгі мақсаты – әкімшілік кедергілерінің орын алуына жол бермеу, рұқсат беру құжаттарының рәсімдеу, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер мен қолдау тетіктерін дер кезінде ақпараттандыру және оны пайдалануда жобаларға сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу, жаңа жұмыс орындарын ашу.Оған қоса, әр екі апта сайын аудан әкімінің төрағалығымен жобалардың орындалу барысы пысықталады.
Алдынғы жаңалық