Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округіне арнайы жұмыс сапарымен барып, округ аумағында жүргізіліп жатқан инфрақұрылыммен қамту жұмыстарының барысымен танысты. Аудан басшысы өз сапарында мердігер ұйым өкілдеріне құрылыс жұмыстарының сапасы мен уақытылы орындалуына ерекше назар аударуды тапсырды. Ол газдандыру жұмыстарын қатаң бақылауда ұстайтынын және барлық жұмыстардың белгіленген мерзімдерге сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етуді ескертті.
Қазіргі таңда «Ынтымақ ОК» мердігер мекемесі тарапынан құрылыс жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Құрылыс аяқталған соң Шайхана ауылының 300-ден астам тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізетін болады. Бұл жұмыс ауыл тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік жаңалық болып табылады, себебі табиғи газдың келуі олардың тұрмыс деңгейін арттыруға және өмір сапасын жақсартуға ықпал етеді. Құрылыс жұмыстарының аяқталуы ауылдың әлеуметтік жағдайын едәуір жақсартады, ал газдандыру жұмыстары ауыл тұрғындарының тұрмыстық жағдайларын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Келесі кезекте Қарақалпақ елді мекеніндегі құрылыс жұмыстары пысықталды. Бұл аумақта «Бақ-Ерке строй» ЖШС тарапынан құбыр тарту және орнату жұмыстары жүргізілуде. Жобаның толық аяқталуы нәтижесінде 1300-ге жуық тұрғын табиғи газбен қамтамасыз етіледі, бұл, әсіресе, аулалардағы отынмен байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, газдандыру жобасы өңірдің экологиялық жағдайын да жақсартуға үлес қосады, өйткені табиғи газ — экологиялық таза отын болып табылады.
Газдандыру жұмыстарының қарқынды жүргізілуі, сондай-ақ тұрғындардың қажеттілігі мен әлеуметтік сұранысқа сәйкес Сарыағаш ауданындағы ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға және халықтың тұрмыс жағдайын жоғары деңгейге көтеруге бағытталған маңызды шаралар болып отыр.