Ақпарат

САУРАНДА ЕЛДІ МЕКЕН КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Жүйнек ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, елді мекендердегі жолдарды орташа жөндеу және пайдалануға берілген көпір құрылысымен танысты. Жүйнек ауылындағы Халмурзаев, Әмір Темір, И.Атажанов көшелеріне, Шекербұлақ ауылындағы Момбеков көшесіне, Шыпан ауылындағы Ордабасы және Сарыарқа көшелеріне жалпы ұзындығы 11,15 шақырымды құрайтын жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жөндеу жұмыстары ауыл тұрғындарының күнделікті жүріп-тұруын жеңілдетуге, сондай-ақ көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды шара болып табылады.

Жөндеу жұмыстарын «Жайлау Агро» ЖШС жүргізіп жатыр. Жоба қыркүйек айының соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланған, бұл мерзімде барлық жолдар пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жөндеу жұмыстарының аяқталуы, өз кезегінде, елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсартып, инфрақұрылымның сапасын арттыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар, Шекербұлақ елді мекеніндегі Балантас көшесінен Түркістан көшелеріне өтетін бөлігінде орналасқан көпір ағымдағы жөндеуден өтті. Ұзындығы 14 метр, ені 4 метр болатын бұл көпірдің астына бетон блоктар орнатылды, бұл құрылымның беріктігі мен ұзақ уақытқа қызмет етуін қамтамасыз етеді. Жөндеу жұмыстарын «Kaz Construction» ЖШС жүргізді. Көпірдің жөнделуі елді мекендердің арасындағы көлік қатынасының сапасын арттырып, ауыр көліктердің өтетін жолының қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Аудан әкімі аталған инфрақұрылым нысандарын аралау барысында жұмыс сапасы мен мерзімінде аяқталуын басты назарға алып, мердігер мекемелер мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтау, сондай-ақ сапасын жоғары деңгейде қамтамасыз ету — ауданның даму стратегиясының басты басымдықтарының бірі.

Қатысты жаңалықтар

АРМАН АБДУЛЛАЕВ ЖҰМЫСТЫҢ ҮЗДІКСІЗ ӘРІ ТИІМДІ ЖҮРГІЗІЛУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ МІНДЕТТЕДІ

azatmedia

AMANAT: ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ

azatmedia

РЕЙД БАРЫСЫНДА 5 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

azatmedia