Ақпарат

«ТҮНГІ КІТАПХАНА»: ҚАЗЫҒҰРТТА БАҚЫТЖАН АЛДИЯР МЕН БАҚЫТ БЕДЕЛХАННЫҢ ЖЫР КЕШІ ӨТТІ

«Түнгі кітапхана» жобасы Қазығұрт ауданында жалғасты. Мұнда Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері Бақытжан Алдиярдың шығармашылық кеші өтті. Бұл кеш шығармашылық әлеміндегі жарқын жұлдыздардың бірі болған Бақытжан Алдиярдың өз шығармашылығына деген адалдығы мен поэзияға деген сүйіспеншілігін көрсетуге мүмкіндік берді.

«Қазығұртқұнар қаламгер» атты кештің арнайы қонағы – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қазақтың көрнекті ақыны, публицист, филология ғылымдарының кандидаты Бақыт Беделхан болды. Ол өзінің терең философиялық ойлары мен поэтикалық сөздері арқылы кешке келген көпшілікке ерекше әсер қалдырды. Ал әдеби жиынды Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Сирдаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Сайлаухан Жоланов жүргізді. Оның оқыған өлеңдері мен жүргізген сұхбаттары кешті ерекше мәнді етіп, әсерлі өтті.

Салтанатты жиынды Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов ашып беріп, жүрекжарды тілегін білдірді. Ол сөзінде шығармашылық кештің маңыздылығына тоқталып, қаламыздың мәдени өмірінде мұндай шаралардың өтуі ұлт руханиятының дамуына зор ықпал етіп, әдебиеттің қолдаушысы болатындығын атап өтті. Кеш кейіпкерлеріне толағай табыс тілеп, құрмет көрсетті. Поэтикалық композициямен басталған кеш жырға ұласты. Ақынмен еркін сұхбат барысында сырлар ақтарылды, көрермендер мен ақын арасындағы рухани байланыс одан әрі нығайды. Ақынға деген құрмет, жырсүйер қауымның ықыласы мен ыстық ілтипаты рухани кездесудің алтын арқауына айналды.

Шара барысында зиялы қауым өкілдері мен қаламгерлер ақынға арнау өлеңдерін оқып, әдебиетке жанашыр жандар ақ тілегін жеткізді. ҚР Мәдениет қайраткері Ұлжан Мұстафаева мен белгілі сазгер, ғалым, журналист Бекжігіт Сердәлі, облыстық кітапхананың директоры Жанат Шардарбекова және ауданның қариялары мен ақынның үзеңгілес достары ақынға деген ақ жарма тілегін білдіріп, шығармашылық жолына сәттілік тіледі. Бұл шараның маңызды аспектісі — әдебиетке деген сүйіспеншілікті арттыру және ақындардың жаңа ұрпағын қалыптастыруға ықпал ету болды.

Сахна төрінде аудан өнерпаздары өлең оқып, мың бұрала би биледі. Сонымен қатар, әннен шашу шашылды. Қазақ поэзиясына өзіндік үн қосқан қаламгер қуанышын жасырмады және шығармашылыққа деген ынта-ықыласын көрсетті. Кеш барысында бір сәт асық атудан сайыс өткізді, бұл шараға келген жастар мен қонақтар үшін ерекше көңіл-күй сыйлады. Кітапханашылар саябақ ішін ерекше сәнге бөлеп, түрлі көрмелермен безендірді, бұл да шараның мәнін арттырды.

Айта кетейік, мазмұнды шараны «Түнгі кітапхана» жобасы аясында Түркістан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы мен Қазығұрт орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұйымдастырған. Бұл жобаның мақсаты — қазақ әдебиетінің барлық қырларын насихаттау, әдебиеттің рухани күшін көпшілікке жеткізу және қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Алдағы уақытта Түркістанның таңдаулы туындылары Бәйдібек, Шардара және Мақтаарал ауданында жалғасады деп жоспарлануда, бұл іс-шаралар қазақ әдебиетінің шеңберін кеңейтуді көздейді.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА 12 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

azatmedia

ДӘРІГЕРЛЕР АЭС САЛУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

azatmedia

Түркісан қаласының әкімі қаладағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады

azatmedia