Ақпарат

ЖАЙЫЛЫМ ЖАЙЫ ҚАРАЛДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы аграрлық сектордың мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің кезекті жұмыс жиыны өтіп, онда Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар, жайылымдық жерлерді пайдалануда заңнаманың жаңа белгіленген нормалардың іске асырылуы, оның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптарын заңды пайдалану, сондай-ақ елді мекендерде жайылымдық жерлердің тапшылығын жою мәселелері қаралды. Кеңес төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әшімбетовтың жетекшілігімен өткен жиынға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин, осы министрліктің Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының міндетін атқарушы Дәулет Бижанов қатысып, республика өңірлеріндегі партиялық филиалдар бейнебайланыс конференциясы режимінде қосылды.Селекторлық мәжіліске партияның Түркістан облыстық филиалы онлайн режимде қосылып, жұмыс жиынына партияның өңірлік филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев, партия филиалы жанындағы аграрлық сектор мәселелері жөніндегі кеңестің төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғани Райымбеков, Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілеген, партия филиалының жауапты қызметкерлері қатысты.Кеңестің күн тәртібіне қойылған мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин хабарлама жасап, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді заңды негізде пайдалану, елді мекендер тұрғындары үшін мал жаюға арналған жайылымдық жерлердің жетіспеушілігін еңсеруде қолға алынып жатқан шаралар жөнінде мағлұмат берді. Вице-министр келтірген деректер бойынша, 2024 жылы барлығы 1759,8 мың гектар жер қайтарылып, оның 256,6 мың гектары қолданысқа енгізілген. Жерлердің мақсатына сай пайдаланылуын зерделеуде жалпы көлемі 2,5 млн. га. болатын барлығы 1565 нысанда тексеру жүргізіліп, оның 1,9 млн. га. жерді құрайтын 1190 нысанға нұсқамалар берілгені баяндалды. Соттардың қарауына 1,77 мың га. жерді құрайтын 57 материал жолданғаны айтылып, мемлекет меншігіне қайтарылған 1,9 млн. га жер жалпыға ортақ пайдалану нысаны ретінде тұрғындарға мал бағу үшін бөліп берілгені мәлімделді.Республика бойынша жайылымдық жерлерге деген қажеттіліктің көлемі 4,9 млн. га. құрайтыны белгілі болды. Оның ішінде конкурстар арқылы берілетіні 715,2 мың га. болса, әкімдіктерге бекітіп берілетіні 946,6 мың га. құраған. Елді мекендердің шекараларын кеңейтуге қосылатыны 55,5 мың гектарды, тұрғындардың қажеттілігі үшін алынатыны 2,7 мың гектарды және резервке қойылатыны 865,5 мың гектар болмақ.Осы және өзге де мағлұматтар айтылған жиында жайылымдық жерлердің геоботаникасын сақтау, өсімдік жабындысына зақым келген, деградацияға ұшыраған жерлерді қалпына келтіру, жайылымдық жерлерді пайдаланудың стратегиялық іс-шаралар жоспарын қабылдау, резервке алынатын жерлердің көлемін нақты белгілеу, жайылымдарды пайдаланудың тиімділіктерін арттыру мәселелері бойынша салалық министрлік пен өңірлер арасында пікір алмасулар болып, нақты ұсыныстар айтылды.Партияның Түркістан облыстық филиалы облыс көлемінде жайылымдық жерлерді тиімді пайдаланылуын үйлестіруде «Жер Аманаты» партиялық жобасын іске асырып келеді. Жоба шеңберінде айқындалған көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуде Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасымен, аудан, қала әкімдіктерімен, депутаттық корпус өкілдерімен ықпалдастық байланыста жұмыстар жүргізіп, ауыл тұрғындары үшін өзекті деген бұл мәселені жүйелі бақылауына алған.

Қатысты жаңалықтар

«Аяусыз жазаланады». Аймағамбетов мұғалімдердің құқығын бұзғандарға ескерту жасады

azatmedia

«ОҢТҮСТІК ЖОЛДАРЫ» КӘСІПОРНЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

azatmedia

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

azatmedia