Ақпарат

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ КЕНТАУДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облысында тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу өндірісі дамып келеді. Облыс басшысы Нұралхан Көшеров Кентаудағы индустриалды аймақты аралап, мұндағы өндірістік жобалармен танысты. Кәсіпкерлермен тілдесіп, олардың ұсыныстарын тыңдады және сала мамандарына өндірісті дамыту бағытында нақты тапсырмалар жүктеді. Аймақты дамытуға қатысты атқарылып жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылып, индустриалды аймақта жаңа жобалар мен кәсіпорындардың іске қосылуы қолға алынуда. Бұл салаға басымдық беріліп, қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Қалада 43 га жерде индустриалдық аймақ орналасқан. Бүгінгі таңға 7 жоба іске асырылған. Әрбір жобаның жүзеге асырылуы өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып, жұмыс орындарының санын көбейтуге мүмкіндік береді. Биыл үш жоба іске қосылмақ. Өңір басшысы Кентау индустриалды аймағында орналасқан «АБН Альянс» ЖШС-нің полиэтиленді құбыр өндіретін кәсіпорнының жұмысымен танысты. Бұл кәсіпорын өнімдерінің сапасы жоғары, өндірістік процестер заманауи технологиялармен жабдықталған.

Сондай-ақ мұнда құбыр өндірісінен бөлек кірпіш зауытының жұмысы қарқынды жүргізілуде. Цехта жалпы саны 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өндірістік қуаттылық артқан сайын, қосымша жұмыс орындарын ашу жоспары да жүзеге асырылады. Жоба құны – 1,5 млрд. теңге. Бұл жобаның іске асырылуы құрылыс саласында жаңа мүмкіндіктер мен тиімді шешімдерге жол ашады. Биыл Кентау қаласында жалпы 16 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл жобалар аймақтың экономикалық дамуына және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ықпал етеді. Жоба толық іске қосылса, 492 жаңа жұмыс орны құрылады.

Атап айтқанда, өнеркәсіп саласы бойынша нақты 4 жоба құрылып, 310 тұрақты жұмыс көзі ашылады деп күтілуде. Бұл жобалардың арасында металл өңдеу және құрылыс индустриясындағы жаңа бастамалар бар. Ондағы 2 жоба арнайы экономикалық аймақта орналасса, қалған 2 жоба индустриалды аймақта жүзеге асады. Мұндағы мақсат – тұрғындарды жұмыспен қамту, өңірдің өндіріс көлемін арттыра отырып, экономикалық дамыған аймаққа айналу. Қаладағы индустриалды аймақтың даму жоспары аймақтағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.

Сонымен бірге «TURAN SHENHUA» ЖШС газ қазандықтары мен тұрмыстық техникаларын өндіру жобасы жоспарда бар. Бұл жобаның іске асырылуы тұрмыстық техника саласындағы ішкі өндірісті күшейтіп, импорттық тәуелділікті азайтуға ықпал етеді. Кәсіпорын 120 адамды жұмыспен қамтымақ. Құрылыс жұмыстары биылғы қараша айында аяқталады, жобалық-сметалық құны 2,4 млрд. теңгені құрайды. Жоба іске қосылғаннан кейін жергілікті тұрғындар үшін тұрақты жұмыс орындары пайда болады.

Кентау индустриалды аймағында «АйдарСтройГрупп» ЖШС металл бұйымдарының өндірісі қолға алынады. Мұнда 50 тұрақты жұмыс орны ашылады, құрылыс жұмыстары биыл аяқталып, қолданысқа беріледі деп күтілуде. Металл бұйымдары өндірісінің дамуы өңірдің құрылыс саласындағы қажеттіліктерін толықтыруға мүмкіндік береді.

Жалпы өңірде метал құрылымдарының өндірісі даму үстінде. Бұл сектордың дамуы аймақтағы құрылыс және өнеркәсіп салаларын қолдай отырып, қаланың өндірістік базасын нығайтуға септігін тигізеді. Оған дәлел, экономикалық аймақта тағы бір метал құрылымдарын өндіретін «Сапар Құрылыс-С»ЖК цехының құрылысы жүріп жатыр. Мұнда 60 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Жоба құны 400 млн. теңгені құрайды. Метал құрылымдарының өндірісінің артуы құрылыс индустриясындағы қажеттіліктерді ескеріп, өндірістік қуаттылықтың өсуіне ықпал етеді.

Қатысты жаңалықтар

«ҚАЗСУШАР» РМК ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ФИЛИАЛЫНА 133 ЖАҢА ТЕХНИКА ТАБЫСТАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ЭТНОС ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА «ТАТУЛЫҚ – ТАБЫЛМАС БАҚЫТ» АТТЫ ПІКІРСАЙЫС ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ «ҮШ БӘЙТЕРЕК»-ТІ ҰЛЫҚТАДЫ

azatmedia