Ақпарат

ТҮЛКІБАСТЫҚ КӘСІПКЕР АЙЫНА 20 ТОННА ҚҰРТ ӨНДІРЕДІ

Түлкібас ауданында жыл санап балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің саны көбейіп, бұл салада жаңа жобалар мен бастамалар саны артып келеді. Солардың бірі – биыл іске қосылған Арыс ауылдық округіндегі «Бай» жеке кәсіпкерлігі. Бұл кәсіпкерлік өзіне тиесілі 10 гектар жердің 5 гектарына 6 жасанды тоған қазып, соның 2-не алғашқы балық шабақтарын жіберіп отыр. Алғашқы тоғанға 10 мың дана форель балығының шабақтары жіберілсе, екінші тоғанға 300 дана бекіре балығының шабақтары жіберілді. Бұл бастаманың мақсаты – өңірдің экологиялық жағдайын жақсартып, балық шаруашылығын дамыту.

Аталған шаруашылыққа аудан әкімі Асқар Естібаев, аудан әкімінің орынбасары Ғани Құрманбай арнайы барып, кәсіпкердің жұмысымен танысты. Аудан басшысы кәсіпкердің жұмысына жоғары баға беріп, балық шаруашылығының дамуына қосқан үлесін атап өтті. Кәсіпкер қалған 5 гектар жеріне қауын, қарбыз, алма, жүгері және сәнді ағаштардың көшеттерін отырғызып, болашақта бұл жерді туристік және демалыс аймаққа айналдыруды жоспарлап отыр. Осылайша, кәсіпкер жердің барлық мүмкіндігін пайдаланып, жергілікті тұрғындарға да жұмыс орындарын ашуды көздейді. Аудан басшысы кәсіпкердің ісіне оң бағасын беріп, балық жемінің 30 пайызын субсидиялау бойынша жауапты орынбасарына нақты тапсырмалар берді. Бұл қадам, әсіресе, кәсіпкердің жұмысын одан әрі дамытуға және қолдауға бағытталған маңызды шешім болды.

Кейін Асқар Сұлтанұлы сол маңдағы жаңадан ашылған ЖК «Мұра» балық шаруашылығында болды. Бұл кәсіпкерлік те балық шаруашылығын дамытуға үлкен үлес қосып отыр. Ол жерде кәсіпкер 1 гектардан астам жерге 3 жасанды тоған қазып, оған 20 мың дана форель және 3 мыңға жуық сазан балығының шабақтарын биыл мамыр айында жіберген. Жаңа тоғандар ашылуы арқылы жергілікті тұрғындар да жұмыспен қамтылуда, сондай-ақ балық өсірудің жаңа әдістері мен технологиялары енгізілуде. Айта кетерлігі, бүгінгі таңда ауданда балық шаруашылығымен айналысатын 29 кәсіпкер бар. Бұл салада жұмыс істейтін адамдардың саны жыл сайын артып, шаруашылықтар жаңа деңгейге өтіп жатыр. Жыл соңына дейін қосымша 2 кәсіпкер өз ісін бастауды жоспарлап отыр. Арыс ауылдық округіндегі іссапарын аудан әкімі «Нар» шаруа қожалығымен түйіндеді. Бұл қожалықта да ауыл шаруашылығын дамыту бағытында жаңа жобалар жүзеге асырылуда.

Бүгінде 15 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып отырған Болат Өмішов есімді кәсіпкер үй ауласынан құрт өндеу цехын ашып, айына 20 тонна, ал тәулігіне 500 келі құртты дайындап отыр. Өнімнің үлкен сұранысқа ие болуы кәсіпкердің сапалы жұмыс істеуінің арқасы. Өнімді Түркістан және Жамбыл облысына келісін 1500 теңгеден өткізеді. Оның өнімі жергілікті нарыққа ғана емес, көрші аймақтарға да таралып, экономикалық жағдайды жақсартуға өз үлесін қосып отыр. Бұл кәсіпкерлік бастама болашақта көпшілікке үлгі болуы мүмкін, себебі ол тек экономикалық пайда әкеліп қана қоймай, ауыл шаруашылығын жаңғыртуға да септігін тигізеді.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЖАУАПТЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

azatmedia

БІЛІМ БЕРУ ІСІНДЕ БАЙЫППЕН ҚАРАЙТЫН ТҮЙТКІЛ КӨП

azatmedia

Мектепте оқитын оқушыларға қойылар талап қатаң

azatmedia