Ақпарат

СЕНАТОРЛАР ЖҰМЫС САПАРЫМЕН СОЗАҚ АУДАНЫНДА 

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек және Алишер Сатвалдиев Созақ ауданына арнайы жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында халық қалаулылары аудан орталығында бой көтеріп жатқан 200 орындық заманауи «Спорттық-сауықтыру кешенінің» құрылыс жұмыстарымен танысты. Жауапты сала мамандарымен және мердігер ұйым өкілдерімен кездесіп, спорт залдары, бассейн, волейбол және футбол алаңдарының құрылысы мен сапасына назар аударды.

Кейін аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық мәслихат депутаттарымен кездесу өтті. Жиын барысында Сенатта қабылданып жатқан заңдар мен ел көлемінде жүзеге асырылып жатқан реформалар туралы жан-жақты түсіндірілді.

Кездесу аясында жергілікті тұрғындардың өзекті мәселелері де назардан тыс қалмады. Мәслихат депутаттары тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерді сенаторлар тиісті министрліктерге жеткізіп, депутаттық сауал арқылы бақылауға алатындарын айтты.  

Қатысты жаңалықтар

WORLD CLEANUP DAY АЯСЫНДА ШЫМКЕНТТЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

azatmedia

Энергия – стратегиялық ресурс

azatmedia

Алматыда 1887 жылы болған зілзала қайталануы мүмкін бе?

azatmedia