Ақпарат

СЕНАТОРЛАР «КАЗАТОМПРОМ-SAURAN» КӘСІПОРНЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек және Алишер Сатвалдиев жұмыс сапары аясында аудандағы «Казатомпром-Sauran» ЖШС кәсіпорнында болды.

Сенаторлар уран өндіру көлемі, технологиялық үдерістер, еңбек жағдайы және қауіпсіздік шараларымен танысты. Кейін кәсіпорын ұжымымен өткен кездесуде маңызды заңнамалық өзгерістер мен мемлекеттік реформалар жайлы кеңінен баяндалды.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов ашып жүргізді. Сенат депутаты Мұрат Қадырбек өз баяндамасында жаңадан қабылданған су кодексі, бюджет және салық кодексі, әкімшілік реформалар, құқық, білім және денсаулық саласындағы заң жобаларына тоқталды. Сонымен қатар, Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заңның маңызын атап өтті.

Ұжым мүшелері заңнамалық өзгерістерге қатысты сұрақтарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Депутаттар барлық мәселе толыққанды зерделеніп, тиісті министрліктерге депутаттық сауал арқылы жолданатынын жеткізді.

Айта кетейік, «Казатомпром-Sauran» ЖШС – 2006 жылы құрылған. Табиғи уран өндірумен айналысатын жетекші кәсіпорын. Қазіргі таңда онда 1018 қызметкер жұмыс істейді. Олардың 95%-ын жергілікті тұрғындар құрайды. 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ КІТАПХАНАЛАР 200 МЫҢНАН АСТАМ ОҚЫРМАНҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «АНА МЕН БАЛА» ОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ

azatmedia

САРЫҒАШТА АУЫЛ-АЙМАҚТАРДЫ ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

azatmedia