Ақпарат

САРЫАҒАШ: ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Мұрат Қадырбек Сарыағаш ауданына арнайы іссапары барысында аудан әкімі Арман Абдуллаевпен бірге өңірлік кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жобалардың іске асырылуымен танысу және жергілікті кәсіпкерлер мен шаруалармен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылау мақсатында бірқатар кәсіпкерлік нысандарға барды. Аудан кәсіпкерлерімен кездесіп, мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған қолдаулар мен бастамалар туралы ақпарат беріп, заңнамалық деңгейде көмек көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.

Халық қалаулылары алдымен Сарыағаш қаласындағы тұрмыстық техника өндірісін жолға қойған «Bah_Asmar» ЖШС кәсіпорнын аралап,жергілікті кәсіпкерлермен тілдесті.«Bah_Asmar» ЖШС кәсіпорны электронды шәйнектер, платискалық материалдан тұрмыстық техникалар атап айтқанда: еден жуғыш, киім ілгіштер және тағы басқа бұйымдар шығарылады. Кәсіпорын директоры Ерлан Исаевтың айтуынша алдағы уақытта жобаны дамытып, үлкейтуді жоспарлауда. Тәулігіне 5000 дана өнім шығарылып, еліміздің түкпір-түкпіріне тасымалдануда. Өндіріс орнында 70 адам жұмыс істейді.

Келесі кезекте сенаторлар пластикалық өнімдерді өңдеумен айналысатын «Аmantayplast» кәсіпкерлік нысанын аралап, басшысы Амантай Андасовпен тілдесті. Сенат депутаттары жергілікті кәсіпкерлердің бизнес жүргізу барысындағы өзекті мәселелерді тыңдады және олардың ұсыныс-пікірлерін назарға алды.

Ауданға қарасты Нұрлы жол елді мекенінде орналасқан «Аmantayplast» ЖШС-і полиэтилен құбырлар, гранула, пластикалық жәшіктер өндіруді жолға қойған. Тәулігіне 3–4 тонна қоқыс өңдеуден 10 000 дана жәшік шығарады. «Аmantayplast» ЖШС-і «Ауыл аманаты» жобасы аясында мемлекеттен жеңілдетілген несие алып, өндіріске қажетті құрал-жабдықтар алған.

Сонымен бірге, сапар барысында сенаторлар Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті.Кездесу барысында Сенатор Мұрат Қадырбек Сенаттың 2024 жылы атқарған жұмыстары, қабылданған заңдар, Парламент жұмысындағы өзгерістер мен елімізде жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық реформалар туралы да баяндап, ауданның өзекті мәселелері мен жүзеге асырылатын ірі жобалар талқыланды. Аудандық мәслихат депутаттары тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, өз кезегінде сенаторлар нақыт жауап берді. 

Қатысты жаңалықтар

СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ ШАРДАРА ҚАЛАСЫНЫҢ АУЫЗ СУ НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

БАТАЛЫ ЕЛГЕ БАҚ ҚОНАДЫ

azatmedia

Қыз зорлаған банкир мен экс-прокурор сот алдында жауап берді

azatmedia