Ақпарат

АРМАН АБДУЛЛАЕВ ЖҰМЫСТЫҢ ҮЗДІКСІЗ ӘРІ ТИІМДІ ЖҮРГІЗІЛУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ МІНДЕТТЕДІ

Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев аудан аумағындағы маңызды инфрақұрылымдық нысандарды аралап, кәріздік сарқынды суларды тазарту жүйесінің жай-күйімен танысты. Аудан басшысы станция жұмысының үздіксіз әрі тиімді жүргізілуін қамтамасыз етуді міндеттеді.

Алдымен аймақ басшысы Көктерек кентінде жүзеге асырылып жатқан «Көктерек кентінде канализациялық тораптарды және тазарту имараттарын қайта құру (түзету-2)» жобасының орындалу барысын бақылап, құрылыс жұмыстарының қарқынын арттыруды тапсырды. Жобаның орындалуын үйлестіру ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысы С. Қаракұловқа жүктелді.

Сонымен қатар, КНС маңындағы қосалқы буландырғыш бассейнге сарқынды суларды ағызуды тоқтатып, барлық ағынды суларды негізгі буландырғыш бассейнге бағыттау жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Осыған сәйкес, мердігер мекеме — “Сарыағаш-Аман” ЖШС тарапынан КНС-тен жоғары орналасқан негізгі буландырғыш бассейнге диаметрі 280 мм болатын жаңа құбырларды іске қосу жұмыстары жүргізілді.

Келесі кезекте Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласы аумағында орналасқан, қазіргі уақытта тұрақты жұмыс істеп тұрған сарқынды суларды тазалау станциясының жұмысын пысықтады.

Сарыағаш қаласы аумағындағы жұмыс істеп тұрған кәріздік сарқынды суларды тазалау станциясы бүгінде тұрақты және бірқалыпты режимде жұмыс істеп тұр, ешқандай техникалық ақаулар тіркелмеген. Операторлар өз міндеттерін тиісті деңгейде орындауда.

Айта кетсек, бұл бағыттағы жұмыстар — аудан тұрғындарының өмір сапасын арттыру мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі негізгі басымдықтардың бірі болып табылады. 

Қатысты жаңалықтар

«ҚАЗСУШАР» РМК ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ФИЛИАЛЫНА 133 ЖАҢА ТЕХНИКА ТАБЫСТАЛДЫ

azatmedia

Қазығұрттық ауылдағы электр бағаналары жаңартылады

azatmedia

ҚЫТАЙ САПАРЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САРЫМСАҚТЫ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ ІСІН БАСТАУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ

azatmedia