Ақпарат

ШАРДАРА: ЖАУШЫҚҰМ – ҚАЛҒАНСЫР БАҒЫТЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ МАҢЫЗДАҒЫ ЖОЛ САЛЫНАДЫ

Шардара ауданында аудандық маңыздағы KXSH-18 «КХ-18 Жаушықұм – Қалғансыр» автомобиль жол салу жұмыстары басталады. Ұзындығы 8,3 шақырым, ал ені 5,0 метр болатын бұл жол телімі көлік қозғалысын жақсартуға және өңір тұрғындарының қатынауын жеңілдетуге бағытталған.

Қазіргі уақытта Шардара аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, оның нәтижесінде «Строймонтаж» ЖШС мердігер мекеме ретінде анықталды.

Сонымен бірге, аудан әкімі Арман Романұлы Қарсыбев сала мамандарымен бірге бас су торабында болып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Іссапар барысында аудан басшысы су шаруашылығы нысандарының жай-күйіне назар аударып, мамандардан алдағы жоспарлар жөнінде ақпарат алды. Арман Романұлы атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтіп, су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және инфрақұрылымды жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Бас су торабындағы жұмыстар аудандағы ауыл шаруашылығы мен халықты сумен қамту мәселелерін шешуде маңызды рөл атқарады. Жергілікті билік бұл бағытта жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізуді көздейді.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 800 ПӘТЕРЛІ 20 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

azatmedia

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ
АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ V СЕССИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

Алматы: «Дәрігерлер соқырішекті анықтай алмай, қызымыздан айырылдық»

azatmedia