Ақпарат

КЕЛЕС АУДАНЫНДА МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСТІ

Келес ауданында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев аудан тұрғындарымен қоғамдық қабылдау өткізді. Кездесу «Amanat» партиясының Келес аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде өтті. Шараға аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев арнайы қатысып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан ауданның инфрақұрылымдық мәселелері, атап айтқанда, жол сапасы, ауыз су жүйелерінің жағдайы және электр желілеріне қатысты өзекті сұрақтар көтерілді. Сонымен қатар, мәдениет саласындағы нысандардың құрылысы, соның ішінде жаңа мәдениет үйінің қажеттілігі мен құрылыс мерзімі туралы мәселелер де талқыланды.

Кездесу барысында Темір Базарбайұлы әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, тиісті мемлекеттік органдарға жолданатынын және кейбір мәселелер бойынша өзі жеке бақылауға алатынын айтты. Өз кезегінде аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев көтерілген сұрақтар бойынша нақты жоспарлармен бөлісіп, кейбір жобалардың іске асу мерзімі туралы ақпарат берді.

Қатысты жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: в течение недели организуется множество мероприятий

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ТҮРКИЯНЫҢ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

«Қоймадағы триллиондаған теңгені термиттер жеп қойған» – Ұлттық банк тараған ақпаратқа түсініктеме берді

azatmedia