Ақпарат

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Өзбекстаннан келген инвесторлармен кездесті. «U-UMAX Group» компаниясының өкілдері Түркістан облысымен әріптестік және іскерлік байланыс орнатуға ниетті екендерін жеткізді. Өңір басшысы Түркістан облысында қолайлы инвестициялық климат қалыптасқанын жеткізді.

– Өзбекстан – көршілес мемлекет қана емес, бауырлас ел. Орталық Азиядағы экономикасы дамып келе жатқан қос мемлекет арасында байланыс өте жоғары деңгейде. Түркістан облысында кәсіпкерлікті, өндірісті, туризмді, ауыл шаруашылығын дамытуға басымдық берілген. Ұсыныстарды қарастыруға дайынбыз, – деді Нұралхан Көшеров.

Өзбекстандық кәсіпкерлер құрылыс, жол, теміржол және өзге де салалар бойынша жобаларды қарастыратындарын жеткізді. Әріптестікті, байланысты нығайту жолдары талқыланып, келіссөздер жүргізілді. Айта кетейік, облыс көлемінде инфрақұрылым желілерімен қамтылған 19 индустриалды аймақ, шағын өндірістік парк, 5 өндірістік субзоналары бар арнайы экономикалық аймақ бар. Бұл аймақтарда 52 кәсіпорын жұмыс істейді. Қазіргі уақытта қосымша 195,4 млрд. теңгеге 57 жобаға қажетті құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қатысты жаңалықтар

Кітапхана саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен маман

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА НАШАҚОРЛЫҚ ПЕН ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР САРАЛАНЫП, ЖОСПАРЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДЫҚ КЕЛЕШЕК МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ КИІМ БӨЛШЕКТЕРІНІҢ 3D МОДЕЛІН ӘЗІРЛЕЙДІ

azatmedia