Сарыағаш ауданында жыл сайын ауыл шаруашылығы саласында жобалар көбейіп, өңірдің әлеуеті арта түсуде. Осы ретте, аудан басшысы Арман Абдуллаев Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Зортөбе елді мекеніндегі заманауи үлгідегі жылыжай кешенін салып жатқан жеке кәсіпкер С. Қалтаевпен жобаны талқылау мақсатында кездесті.
Кездесу барысында аудан әкім кәсіпкердің ауыл шаруашылығы саласына қосып жатқан үлесін жоғары бағалап, кәсіпкерлерді қолдауға дайын екенін жеткізді. Сала басшыларына аталған жоба бойынша тапсырмалар берді.
Жеке кәсіпкер С. Қалтаев лимон және көкөніс өсіретін заманауи жылыжай кешенінің құрылыс жұмыстарын жүргізуде,жобаның жалпы құны 500 миллион теңге. Жобаның іске асырылуы нәтижесінде 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Лимон өсіруге арналған жылыжайдың құрылыс жұмыстарына заманауи технологиялар қолданылып, тиімді суару жүйелері, ауа температурасы мен ылғалдылықты қадағалайтын автоматты жүйелер орнатылады.
Айта кетсек, аталған жоба ауыл шаруашылық саласында маңызды серпіліс жасауына,ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып,әл-ауқатын көтеруге, аудан экономикасының оң өзгерістеріне алып келеді.