Сарыағаш ауданындағы Дербісек ауылдық округінде жаңа медициналық нысанның құрылысы жүргізілуде. Бұл нысан аудан тұрғындарының денсаулығына қызмет көрсету сапасын арттыруға және медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды жоба болып табылады. Аудан әкімі Арман Абдуллаев осы құрылыс жұмыстарының барысымен танысу үшін арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстарды тексеріп, мердігер мекемемен кездесіп, пікір алмасты.
Аудан басшысы құрылыс алаңында жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын мұқият тексеріп, жауапты мердігер мекемеге нақты тапсырмалар жүктеді. Оның айтуынша, ғимараттың құрылысы мен сапасын бақылауда ұстап, барлық талаптарға сай жүргізу өте маңызды. Сондай-ақ, инженерлік және инфрақұрылым желілерін дұрыс әрі тиімді тарту қажеттігін атап өтіп, бұл жұмыстарды сапалы әрі уақытында аяқтау қажеттігін ескертті.
Бүгінде медициналық нысанда кірпіш қалау жұмыстары аяқталып, ғимараттың сыртын қаптау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының соңғы кезеңдеріне кірген нысан қазіргі уақытта құрылыс алаңында белсенді жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары биыл мамыр айында басталып, жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылуда. Аталған жобаның жүзеге асырылуы, сондай-ақ, ауданның экономикалық дамуына да өз септігін тигізеді. Бұл денсаулық сақтау саласындағы жобалар халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады.