Ақпарат

САРЫҒАШ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АРМАН АБДУЛЛАЕВ: АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ – БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ!

Шалғайда орналасқан елді мекендердің барлығына ауыз су тарту мәселесі Сарығаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың тікелей назарында. Ауданда ауыз су мәселесі жыл өткен сайын оң шешімін тауып келеді. Елді мекендерге су құбырын тарту жұмыстары жылдан-жылға артуда.

Осы тұста, бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округіне қарасты Шеңгелді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.Қазіргі таңда, құрылыс нысанында 267 метр тереңдікте су ұңғымасы қазылып, 8300 метр ұзындықта ауыз су құбырлары тартылған.

Оған қоса 70 дана су құдықшалары орнатылған.

Аудан басшысы бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер мекеме басшысына бірқатар ескертулер атап өтіп, ауыз су құрылысын жоспарға сәйкес мерзімінде және сапалы жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, құрылыс барысын ауданның тұрғын үй коммнуалдық-шаруашылық бөлімінің басшысы С. Қарақұловқа қадағалауды жүктеді.

Қатысты жаңалықтар

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ 40 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕГІ КЕЛДІ

azatmedia

Бау-бақша алқаптары ұлғаюда

azatmedia

САУРАНДА БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАҢА САЯБАҚ АШЫЛДЫ

azatmedia