Бүгін Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаев пен аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев Түлкібас станциясындағы теміржол вокзалындағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Станцияның жаңғыртылуы – облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлы Көшеровтың тікелей қолдауымен жүзеге асып жатқан маңызды жобалардың бірі. Аймақтың инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған бұл жұмыс, ең алдымен, тұрғындар мен жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған.
Станцияның тарихи маңызын сақтай отырып, заманауи талаптарға сай келетін инфрақұрылым қалыптастыру – басты мақсат.Түлкібас станциясының тарихы мен қазіргі жаңғырту жұмыстары – аймақтың дамуына қосылған маңызды үлес. Станцияның жаңаруы жолаушылар мен жүк тасымалының тиімділігін арттырып, ауданның әлеуметтік-экономикалық және туризмнің дамуына серпін береді.
Ғимарат жаңартылып, сыртын абаттандыру, жолаушыларға арналған күту залдары мен кассалар заманауи талаптарға сай қайта жабдықталады. Сонымен қатар, 2-платформа мен жол төсемдері де жаңартылып, жаяу жүргіншілер өтетін аяқжол көпіріне күрделі жөндей жұмыстары жүргізіледі және қауіпсіздік шаралары күшейтіледі деп күтілуде.
Станцияның жаңғыруы – ауданның келбеті мен болашағына салынған инвестиция болмақ.