Ақпарат

САРЫАҒАШТА ТӘУЛІГІНЕ 100 МЫҢ ДАНА БІР РЕТТІК ЫДЫС-АЯҚ ӨНДІРІЛЕДІ

Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округінде орналасқан «Bah-Asmar» ЖШС-ң бір реттік ыдыс-аяқ шығаратын өндірістік цехы тәулігіне 100 мың дана өнім шығарып, 55 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Өңір экономикасында өзіндік пайдасын тигізіп отырған нысанға аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы барып, жұмысымен танысты. Арман Айдарұлы өндіріс орнында қолданылып жатқан заманауи технологиялар мен өнім сапасына назар аударды. Сұхбаттасу барысында цехтың директоры Ерлан Исаев аудан басшысына алдағы жоспарларын баяндады.

Аудан басшысы өз сөзінде «Кәсіпорындар – аудан экономикасының тірегі. Жергілікті өндірісті қолдау арқылы біз тұрғындарды жұмыспен қамтып, ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз ете аламыз» деп атап өтті. Кәсіпорында бір реттік пластик және қағаз ыдыс-аяқтар шығарылып, жергілікті және аймақтық нарыққа жеткізілуде.

Қатысты жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП МАҚТААРАЛ АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ МЫРЗАКЕНТ КЕНТІ ЖӘНЕ ИІРЖАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ЕЛ БІРЛІГІ МЕН РУХАНИ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУҒА ЕЛЕУЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АҒЫН СУ ТАПШЫЛЫҒЫН ЕҢСЕРУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

azatmedia