Бүгін Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен Шу өзені суына қатысты лездемелік жиын өтті. Жиынға салаға жауапты мамандар мен Шу өзенінің бойында орналасқан ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Жиын барысында аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы Шу өзені арқылы ауданға жылына 200 млн м³ көлемінде экологиялық мақсатта су өткізу мәселесіне тоқталды.
Сонымен қатар, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданындағы Фурманов су торабынан бастау алатын «Фурманов» айналма каналын механикалық тазалау мәселесі жан-жақты талқыланды. 120 шақырымдық канал арқылы су өткізу тиімділігін арттыру, жұмыс барысын қатаң бақылау, қажетті техника мен жабдықтарды толықтыру мәселелері сөз болды. Құрылыс жұмыстары жақын күндері басталатыны айтылды. Аудан басшысы бұл жұмыстарды үйлестіріп, жүйелі жүргізуді тапсырды.
Айта кетейік, «Фурманов» каналының су өткізу қабілеті – 45 м³/секунд. Ол Мойынқұм ауданының Қылышбай, Құмөзек, Қарабөгет және Сарыөзек ауылдарының аумағы арқылы өтеді. Бұған дейін айналма каналдың жағдайын қалпына келтіру мақсатында қажетті жұмыс көлемін анықтау бойынша тиісті іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл жұмыстар су жеткізу процесінің үздіксіз әрі тиімді болуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Алдынғы жаңалық
Келесі жаңалық