Еңбек адамы – әлеуметтік құрылымдардың маңызды бөлшегіне айналуы тиіс. Еңбек идеясы – азаматтық құлшынысты арттырып, қоғамды топтастырушы, идеялық-бағдарлық ұйыстырушыға айнала алады.Есебаева Күлдар Аралбекқызы 1965 жылы 17 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Қасқасу ауылында дүниеге келген.Еңбек жолын 1983 жылы «Чардарастрой» басқармасында есепші болып бастаған.1987-1994 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігіне қарасты халықты әлеуметтік қорғау басқармасында бас маман, бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.1994-1995 жылдары Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің кәсіподағы облыстық кәсіподақ комитетінің әлеуметтік сақтандыру инспекторы, 1995-2005 жылдары облыстық кәсіподақ комитетінің қаржы бөлімінің меңгерушісі, 2005-2007 жылдары облыстық кәсіподақ комитетінің төраға орынбасары.2007 жылдан бастап қазіргі уақытта «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы қызметін атқарып келеді.Қызмет атқарып келе жатқан жылдары өңіріміздегі кәсіподақ саласын дамытуға өз үлесін қосып, бар күш-жігерін жұмсауда. Осы салада талай жыл талмай еңбек етіп келе жатқан Күлдар Аралбекқызының да еңбегі де елеусіз емес.Атқарған еңбектері бағаланып, әр жылдары Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, ҚР мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Орталық комитетінің «Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарымен марапатталған.Осы орайда Түркістан облыстық Кәсіподақтар орталығының атынан өңіріміздегі кәсіподақ қозғалысының дамуына үлес қосып жүрген кейіпкерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт, отбасына амандық және жұмысына табыс тілейміз!
Алдынғы жаңалық
Келесі жаңалық