Бүгін Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды бақылау мақсатында Балтакөл ауыл округіне арнайы жұмыс сапарымен барды. Жауапты сала мамандарымен бірге барған аудан әкімі алдымен Көлқұдық елдімекеніндегі ауыз су желілері мен ауыз су имаратын ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Аталған жұмыстарға ағымдағы жылы 13 000,0 мың теңге қаралып, ауыз су ұңғымасындағы сүзгі және ауыз су құдықшалары мен есептегіш құрылғыларын, ауыз су желілерінің ескірген бөліктері мен су сору құрылғыларын (насос) ауыстыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын.
Аудан басшысы аралау барысында жауапты мамандарға тиісті жұмыстарды сапалы жүргізуді тапсырып, жоспарлы жұмыстардың орындалу барысы бақылауда болатынын жеткізді.
Мұнан соң Балтакөл елді мекеніндегі ауыз су желілері мен ғимараттарын қайта құру және Ақкөл ауылына ауыз су жүйесін жүргізу жұмыстарын аралап көрді. Балтакөл елді мекеніндегі ауыз су желісінің ұзындығы 48280,02 метр болса, Ақкөл ауылындағы ауыз су желісінің ұзындығы 11 560 метрді құрайды. Мердігер мекелердің өкілдері аталған жұмыстардың жоспарға сәйкес жүріп жатқанын атап өтті.
Аудан басшысы аталған нысандардың ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы зор екендігін айта келе, құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізу керектігін ескертіп, жауапты сала орынбасарына аталған жұмыстарды қадағалауды тапсырды.
Алдынғы жаңалық
Келесі жаңалық