Ақпарат

«AMANAT»: АЙМАҚТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТЕДІ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жас ақындар мен жазушылар арасында аймақтық шығармашылық байқауын өткізетінін хабарлайды. Байқаудың мақсаты – қазіргі заманғы қазақстандық әдебиетті дамыту және соған қолдау көрсете отырып, өңірлердегі талантты жас қаламгерлердің еңбегіне лайықты баға беру. Байқауға қатысамын деген үміткерлерге төмендегідей тақырыптық ұсыныстар беріледі:- Өз шығармасына ұлттық бірегейлікті арқау ете отырып, тың тақырыптарды көтеру және жаңа образдарды сомдау; – Адам құқығы мен шынайы құндылықтарды өзек ету;- Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда ұсынған «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» ұғымындағы идеялар мен құндылықтарды кеңінен ашу;- Жастарды отаншылдыққа, төл тарихы мен ана тілін қадірлеуге, кітап оқуға шақыру; – Қазіргі бәсекеге қабілетті қазақстандықтың образын насихаттау.Байқау негізгі үш – «Поэзия», «Проза» және «Балаларға арналған шығарма» номинациясы бойынша өткізіледі. Шығармалар 2024 жылы 19 тамыз күні сағат 9.00-ден 20 қазан күні сағат 18.00-ге дейін қабылданады. Байқауға қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін келіп түскен өтінім қатыстырылмайды. Байқауға келіп түскен жұмыстарды байқау комиссиясы 2024 жылы 21-27 қазан аралығында қарайды. Жұмыс қорытындысы бойынша аймақтық байқау комиссиясы бірлескен шешім арқылы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі партияның аймақтық филиалында 2024 жылдың 31 қазанына дейін өткізіледі. Аймақтық шығармашылық байқаудың жеңімпаздары «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауына қатысуға жолдама алатын болады.Қосымша ақпаратты +7 771 147 8735 телефоны арқылы алуға болады.Ұйымдастыру алқасы

Қатысты жаңалықтар

Танымал журналист халықты кімдер басқарып отырғанын ашық айтты

azatmedia

Бірінші сыныпқа 352 091 оқушы қабылданды

azatmedia

Алматыда бір отбасын ойрандаған сантехниктің кім екені белгілі болды

azatmedia